Құдайға тәуба!Автоматтың жан түршіктірер ащы дауысынан оянбаймыз, біздің басымызға күтпеген жерден оқ тимейді, жақын жандарымыз қолымызда, көз алдымызда көз жұмбайды! Бірақ біздер осының өзін қанағат тұтпай, қолымда айфон жоқ немесе он екінші күзгі аяқ киімімді ала алмадым, бір де бір дүкенде менің қиялымдағы көк түсті көйлек жоқ , екі күнге ыстық су келмейтін болды, жұмысқа қоғамдық көлікпен қатынауға тура келеді деп мұң шағып, үнемі тағдырға налып жүреміз. Сондай ұсақ-түйек, болмашы дүниелерге бола "бақытсызбын" деген ойға қаласың. Біздің көзімізді шел басқан. Барға қанағат қылудан адамыз. Сирияны, Африканы, Индияны ойлап қараңызшы. Бастарынан өтіп жатқан қиын күндердің Қазақстанымызға келмеуін тілеп, Аллаға бейбітшілік үшін шүкірлік айтуымыз керек...