Барды бағалайық...

Өкпеге қисаң да, аз ғұмырыңды сыйластықпен өткіз. Бүгінгі адам- ертең топырақ!
Бір үйде қанша жан барсың, бір-біріңе қонақсың. Сыйлассаң - тіріңде сыйлас. Өлген соң жыласпа.
Тірі адамда мүмкіндік көп, иіске, сүй, құшақта, аяла, бауырыңа бас! Əр секундыңды қимастарыңа арна. Ешкім мəңгілік емес. Ыстық құшағында еркеле.
Алла адам баласына көп мүмкіндік-Уақыт берді! Өкпе, реніш, наз - ол еш уақыт бітпейд, егер сен бітірмесең!
Əр кездескенде "жоғалтып" алам-ау деп бауырыңа бас, көрсет шын ықыласыңды! Қоштасарда да көріспей қалсам ше деген оймен қимай қоштас, білдір сезіміңді! Көрсет ол адамның саған қымбат екенін.
Қу тірліктің күйбеңімен уақыт зымырай береді. Ештеңе дəл бүгінгідей қайталанбайды. Əр уақыттың да адамның да қадіріне жете біл. Сен өлгенше өштесіп жүрердей ол да шəйтан емес. Не сен, не ол бірінші кетеді. Сол кезде өкінбейтін бол! Кішкене ғана ғұмырда адал болайықшы!
Қасыңызда жүрген адамдарды бағалай біліңіз! Ол туысқаныңыз, жаныңыздағы жарыңыз, досыңыз, сырласыңыз, құрдасыңыз т.б . Ол адам бүгін бар болуы мүмкін, ертең бар болуы мүмкін, арғы күні бар бола ма жоқ па белгісіз ?! Кейін ол сізден алыстап кетсе, саныңызды соғып қалмаңыз!Адамгершілік ардан аттамай жақындарын жанындай жақсы көрген адамнан жаманшылық күтуге болмайды.
Өмірде ештеңеге Мəңгілік деп қарамаңыз! Ақшаға да ол сізде қазір бар болуы мүмкін, кейін жоқ болмасына кім кепіл?! Тіпті мен де , оқып отырған сізде Мəңгілік емеспіз! Туысқаныңды, бауырыңды сағындың ба, жай ғана хабарласыңыз, іздеңіз, сағынып кеттім сені деңіз! Әке, шеше сіздерді қатты жақсы көрем деп күнде смс жазыңыз! Сезіміңізді уақытында айтып үйреніңіз, кейін кеш болып қалмас үшін!
Ештеңе де маңызды емес, ақша атақ, мансап, байлық, сұлулық, менмендік, көкіректік, машина, қымбат сотка, қымбат киім .т.б Тек қана сезім ата-анаға деген, сүйген жарға, балаға, дос-құрдас, бауырға деген, туысқанға деген, басқа да өмірініздегі адамдарға деген сезім маңызды.
Сезім- жақсы көру, сағыну, іздеу, ол үшін алаңдау, бауырмалдық, мейірімділік, адалдық, достық т.б көп кете береді сансыз. Сезімсіз өмір бос өмір. Кейін бармағымызды тістеп қалмайық!
Ешкімді өкпелетпей, ешкімді жамандамай, ешкімге өкпелемей, кек сақтамай , көргенде сағына көріскенге, ойнап күліп əзілдесіп жүргенге не жетсін шіркін! Өмірімізде ақшамыз көп болғанша, құлағанда демейтін, ауырғанда жүгіретін, жылағанда жұбататын, мұңайғанда күлдіретін, қиналғанда көмектесетін, жанашырымыз, жанымызда игі жақсыларымыз көп болсын!
Адамдарға сіз не берсеңіз, олар сізге екі есесін береді! Өзіңіз сыйлы болғыңыз келсе; іздегенін, сағынғанын қаласаңыз-алдымен өзіңіз жасаңыз сол іс-əрекетті! Көкейіңіздегі өзімшілдікті тыйыңыз, "Жазса, өзі жазсын, іздесе өзі іздесін, мені ешкім іздемейді, мен неге оны іздеуім, керек",- дейсіз білем. Кішірейгеннің абыройы асады.
Иә рас, адамдарды қуантуға, жақсылық жасауға, жылы сөз айтуға тырысайық. Сіздің жылы сөзіңіз оның бүкіл ғұмырын өзгертетін шығар бəлкім?!

Барды бағалайық! Бұл өмір қамшының сабындай өте қысқа! Осы сөздерді оқып отырған Сізді де мен өте жақсы көремін !



Бөлісу: