Бәрібір жалғыз,соғады екен, жүрегің...
жеке
блог
блог
Қоршалса да достарменен жан-жағым,
Болса дағы ,балаларым,жан-жарым.
Мұздататын жүрегімді-жалғыздық,
Аямай ақ,тығып жатыр,қанжарын!
Бәрібір бөлек соғады ғой,жүрегі,
Қанша жерден,бір болса да тілегі.
Ол жаққа да,жападан-жалғыз барасың,
Ажалдың әркім,бөлек келерін біледі.
Ант берсек те,біргеміз деп, мәңгілік,
Есімімізді,айтып жүрсек те,ән қылып.
Бүлкілдейді екен,қанша жерден сүйсек те,
Өз қайғысымен өзі, жүрек деген,әңгүдік!
Жалғыздық деген,құдайға ғана жарасқан,
Өзіне ұқсатып,жаратса қайтем,жаратқан!
Ұмыту үшін"шабыт, музаны "табамыз,
Соқпақтай көріп, жанымыз үшін, адасқан.