Бәрібір функциясы

Орыстарда жеккөретіндерден емес, саған бәрібір деп қарайтындардан қорық деген сөз бар. Қайбір кезде, адам осы "бәрібір" деген жаңа белеске көшеді: қолынан ештеңе келмейтінін түсінгенде, сөздерінің бос сөз екенін білгенде, достардан көңілі қала бастағанда, жан тыныштығын ойлай бастағанда. Бәлкім, бұл есеюдің белгісі болар? Есейгенде адамдар өзі және өзінің ішкі әлемі, яғн ЭГО-сы басымырақ болып кете ме, қалай... Көп кезден бері көріспеген достарымен кездесу болғалы жатыр, бірақ оған баруға ынта жоқ, алыстағы ата-анаңның хал жағдайын білуге де айлап, жылдап бір барасың, тіпті жақыныңның мәселелеріне де бас ауыртқың келмейді. Ойлап қоясың да, "Бәрібір" деген функцияны бейсаналы түрде қосамыз да өз-өзімізбен өмір сүре береміз. 

Америкада ураган болып жатыр ма, Африкада балалар аштан қырылып жатыр ма, билік бюджеттен ақша жымқырып жатыр ма, жетім балалар панасыз жүр ме, біреудің баласына операцияға көмек керек...

Біз не істей аламыз? = Бәрібір = Бізге қатысы жоқ қой.

Бұл қалыпты жағдай ма? Әлде біз тасжүрекпіз бе?



Бөлісу: