Қазіргі блогтарды ойлап отырмын да, көбі бақытсыз махаббат жайлы екен. Мен де бір кезде соларды жазудың шебері ем :). Рас, өмір махаббаттан тұрып, сонымен ғана құралатын сияқты болып өкініп, жылап жүретінмін. Не өзгеріс болғанын білмеймін, қазір олай ойламаймын :)
Әрине, сіз айтасыз "жасың келді ғой, махаббатты жырлайтын уақыттан өттің ғой" деп, бірақ олай емес екен. 40 пен 50 ге келіпте махаббатты айтатын адамдар бар. Басты мәселе ол емес, басты мәселе түсінікте екен. Сен қанша өткен махаббатың мен уақытыңды өкініп жызғанымен ол кез қайтып келмейді және ондай нәрсе ол ешқашан да енді болмайды.
Иа, өкініш ішіңді тырналайды. Жалайсың, өкінесің... Бастысы сол уақытты өткеру ғана екен. Себебі, алла қаншалықты сынаса соншалықты бақытты алдыңғы өміріңізге үйіп төгіп қояды екен. Сол сәттегі адамдарды жібере білу керек. Егер ол адам ерекше болмаса, сізді тастап ешқашан кетпейтін де еді! Сол сәттегі адам сізге ең керемет адам боп көрінсе де, одан кейін кездескен адам одан да керемет болады. Тек оның артықшылығын сезіне білу бастысы, бағалай білу керек.
Басқа күн келіп бәрін өзгертеді екен және бастысы сен бақытты сәтіңді жырлағың келеді. Бірақ, бақыттың жыры аз жазылады, себебі сізде бақыттан, бақытты еткен адамнан оны жазуға уақытыңыз болмайды. Оны тек әлеуметтік желілерден суреттерден, оны көргенде көздерінен байқай аласыз. Одағы өзгеріс пен өзіңіздегі өзгерістен байқай аласыз :).
Әзіргі сәтке өкінбей алға тік қарай білу керек. Мен бақыттымын, себебі бақытты болуға менің құқым бар!!! Мен соған сенем!