...Бәрі өтеді, бәрі өзгереді...

Өмірде сан миллион адам болғандықтан, сан миллион түрлі пікір де, ой да болары анық. Біреуге бір зат ұнаса, екіншісіне ол айтарлықтай ұнай қоймайды. Осы орайда көпшілік жұрттың сүйікті кітабына айналған «Махаббат қызық мол жылдар» туралы айтқым келеді. Жалпы кітап, қазақ студенттері арасында кәдімгі «бестселлер» дүниеге айналған. Оны оқу -  қазіргі тілмен айтқанда «мода». Алайда, сол «бестселлер» маған анау айтқандай әсер қалдыра қоймады. Әрине, бұл менің жеке көзқарасым. Осы айтқандарыма қарамастан, мен өзіме ұнаған ойларды түртіп алдым. Себебі, кез келген дүниенің, маған салсаңыз сіз нашар деп ойлайтын адамның да бізге берері мен үйретері бар... Сонымен ойларды ортаға салсам:

*-Тургенов былай деген екен, - деді әдебиет зерттеуші,-«Емен – ең берік ағаш. Оның беріктігін мынадан да білуге болады: өзге ағаштардың жапырағы күзде-ақ қурап, түсіп қалады.; ал еменнің жапырағы қыста да бүлк етпейді, тек келесі көктемде – бұтақтарында жаңа жас бүршіктер қылтиып, бас жарғанда ғана оларға орын босатып, жерге құлайды. Мықты жүректі мекендеген ескі махаббат та осыған ұқсайды – өшсе де орын бермей, қоламталанып жатып алады, оны жалынды жаңа махаббат қана тықсырып шыға алады».

*Ұялшақтық – ұлтымызға тән қасиет қой. Әсіресе ауыл балалары ұяң келетін әдеті емес пе?

*Бірақ «айтқан сөз – атқан оқ» деген. Өкінгенмен оқты кері қайтара алмайсың.

*Өйткені сүйекке сіңбеген тәрбие – тәрбие емес. Тәртіпті, ынтықмақты әскер ғана жауынан жеңілмейді.

*Жаманның ақылы артынан түседі.

*Осылай ақтарыла сөйлеуге мені өзің үйретіп едің ғой, жаным.

        

*Очеркті екінің бірі емес, журналистің төресі ғана жаза алады.

* «Бәрі өтеді, бәрі өзгереді» - деп мен емес, Гераклиттің өзі айтқан.

*Оның бір қабырғасы құлап, опырылып қалыпты, әке-шешеміз өліп, екі иесінен бірдей айырылғаннан кейін үй екеш үйдің өзі де шөгіп, аласарып кетіпті.

* «Адам оқтан ғана өлмейді екен ғой», -дедім ішімнен. – Қасірет пен қайғы да улы газдай тұншықтырып, өлтіретін болғаны ғой адамды.

*-Орынсыз құмарлық – опасыз жаумен тең.

*...Әйелге, әсіресе жүрегінде біреуге арналған маздаған махаббаты бар әйелге өзі сүймейтін еркекке еріксіз қосақталудан қиямет қорлық жоқ.

*...Мені махаббаттың улы жыланы шақты аямай. Жаныма дәрі, дертіме шипа сен ғана.

*Ешқашан да ешкімді жамандама. Ең жаман деген адамның да өз жақсылығы болады.

*Үміт күткен ұлы оңбаған боп кетсе – әке сорлы; қызы күйеуге өтпесе – шеше сорлы; қыран деп тигені жапалақ боп шықса – жар сорлы; сұлу деп алғаны сүйкімсіз боп шықса – жігіт сорлы.

*Біздің ауылдың қазақтары баяғы ескі әдетпен әлі күнге дейін жүзге бөлінеді. Содан соң әлі жеткені әлсізін аяғынан шалып, бөтен жүздің баласы деп жұдырықтап, жұлмалап, жүндеп жатады.

                              

*Біреуді пәленше көп біледі деп мақтайды. Көп білген көп тындырса, мақтауға болар еді. Көп біліп, түк тындырмайтындар да бар. Мұндай іске пайдасыз білгіштікті білдім деудің қажеті жоқ. Ондай «білгіштен» аз біліп, көп тындыратын қоңырқай адамның өзі артық.

*Меніңше, әйел махаббаты – ең күшті махаббат.

*-Өмірде мінсіз кісі болмайды, -деп бастады апам сөзін. –Қызға жігіт жүз процент жақсы боп ешқашан да кездеспейді. Жігіттіжүз процент жақсы ететін жақсы жар, жақсы әйел ғана.

*Жұртқа жылы сөйлеп, сәл кішілік көрсетсең, өстіп иығыңа мініп алатыны жаман.

*Ғашық болсаң – қашық болса да барасың...

*Жақсы қыздың абырой белгісі тәнінде ғана емес, жанында болатынын сен білмейсің.

*Дәрігер операцияны адамның тәніне, журналист жанына жасайды.

*Шын махаббаттың шырғалаңы да болады.

*Жерден шыққан жетім қыз алдым деме, шырағым. Ақылды қызға – ана көп, аяулы жанға – пана көп.

*Бірақ бар салмақ, бар ауыртпалық тірі қалғанға түседі ғой.



Бөлісу: