Бар ма біздей сыныптас, баласындай бір үйдің?!
блог
Өмір - қатты ағыс.... Уақыт- шіркін, дамылсыз, тоқтамай дыңғыр қағу да... Қызық, иә? Кеше ғана дүние есігін шыр етіп ашып едік, ал бүгін есейіппіз... Кеше ғана, сыныбымызбен 1-сыныпқа аяқ басып едік, бүгін 11-сыныпты бітіріп, келесі айдынға қанат қағатынымызды ойласақ қызық күй кешеміз... Шынымен де... Бірақ білінбейді. Менің ең күлкілі, ең тамаша сәттерімнің бірі сыныптастарыммен бірге өтті. Бәрі шет-шетінен талантты, өнерлі. Әрқайсысы өзінше бір төбе. Мектебіміздің ең белсенді оқушылары- біздің сынып. Қабілеттілігіміз сол, мектепшілік, сыныпаралық жарыс болатын болса, біз алтын уақытымызды өткізіп, әбден жарыс болатын сын сағаттарында дайындалып, жүлделі орындарды иеленіп кететінбіз. Қиын сәттер де... Қиын деймін-ау... Бізге ештеңе қиын көрінбейді. Тығырыққа тірелген де, бір-бірімізді алып шығамыз. Әңгіме десек, ішкен асымызды жерге қоямыз. 1 күн көрмесек, әңгімеміз үйіліп қалады және күлкіге толы. Ұлдармен жаға жыртысатынымыз бар, бірақ қыздар жағы - топ болып, бөлініп, сөзге келіп көрген емеспіз. Сыныпта математикадан есепті керемет шығаратын: Дина,Нұрай. Әнші,іс-шараларға белсене атсалысатын: Аружан, Аяжан, Айнара, Елнур болса, баскетбол мен футбол сынды спорт түрінен жүлделі орын алып жүрген:Бейбарыс, Ерасыл, Айбек, Мирас дер едім. Шебер,әрі суретшіміз Айболдың бұйымдары аудан, облыс көлемінде кең танылса,Динара мен Данара есімді қыздарымыз болшағынан үміт күттіретін дизайнер болмақ. Көркем сөз оқудың нағыз шебері Мақпал мен Айсезім деп білемін. Сыныптың бұрымды қызы Ақнұр. Барлығымыздың сыйластығымыз жоғары. Талай мұғалімнен сөз естісек те, өзіміздікі дұрыс болсын, болмасын бір-бірімізді жақтап шығамыз. Айсезімді көндіріп, староста қылып қоямыз. Өзгелерді қайдам, біз староста болудан қашамыз. Физика пәнін жек көреміз. "Ағай, қайталап алайықшы",-деп сабақты аяқтаймыз. Сынып журналын қараудан, алдымызға жан салмаймыз. Мәдени іс - шаралардан қашамыз. Дегенмен,бәрі қызық көрінетін. Бір - бірімізді лақап аттарымен атаймыз. Қызықты жәйттер көп болған, оны тізбектеп айтып отырсам, біріңіз түсінсеңіздер, біріңіз түсінбессіздер. Алдағы уақытта сыныптастарыма тек биік шыңдарды бағындыра беруге,өмір деген үлкен белестің тайғақ жеріне таймай, отты жеріне батпай, соқпағына соқтықпай көздеген мақсаттарына жете берулеріне тілектеспін. Ешқашан қызықты сәттерімізді ұмытпай, достықтарымыз мәңгі болғай!