Бәрі ақша жейді

Сәлем, Қазақстан! Менде бүгін негативті пост :(

Кеше түнде бір жақын танитын кісіден інісіне айтып жатқан сөздерді естіп, сол кісінің айтқан ащы шындығына намыстанып, келісуден басқа амалым қалмай қалды. Сол намыстан, ашудан осындай негативті пост туды. Бұл постты өз басыңызға қабылдап қалмаңыз. Пост жай ғана ойдан шығарылған әңгіме. Бұл постты диалог түрінде жазуды жөн көрдім. Сол  адамдарға Бауыр (үлкен ағасы) және Қасым ( ортаңғы інісі) деген есім қояйық. Үшінші кейіпкер кіші інісіне Талғат деген есім берейін. Ал, кеттік.

Ауыр дүйсенбіден кейін, көңіл-күйсіз жұмыстан шаршап келген кіші інісі Талғат, шай үстіндегі үлкен дауға тап болды. Дау деп айтуға болмайды, себебі Бауыр мен Қасым бір-бірінің сөздеріне келісіп, қолдап отыр. Жағдайды толықтай ашу үшін түсіндіріп өтейін. Бауыр мен Қасымның жағдайлары Талғаттан қарағанда мың есе артық. Біреуінің астында BMW X6, біреуінде Lexus 570. Бауырдың өзінің үлкен шаруашылығы және кішігірім бизнестері бар. Ал, Қасым қаланың шетінде үлкен үй салуда. Ол бір мемлекеттік қызметте жұмыс жасайды. Ал, Талғат қарапайым заңгер. Оның жалақысы 45-50000 тг көлемінде. Сол бір қызықты әңгіменің ішіне кірген Талғат өзін басқа әлемге кіргендей сезді. Екі ағаларының кеңестері мүлдем ақылға симайды.

Бауыр:

- Мүлдем білім алып керек емес, менде оқымағанмын. Қазір сол оқыған, шетелден оқып келген азаматты қара және мені. Кімнің жағдайы жақсы – деп бастады Бауыр мырза.

Қасым:

- Ия, сізбен келісемін. Менде табысқа қалай жетудің жолын таптым. Ақшаны орынмен жеп, қалаған ісіңді іске асыру. Менің жақын досым Англиядан білім алып, қарапайым заводта жұмыскер болып жұмыс істеп жүр – деп қосыла кетті інісі.

Бауыр:

- Меніңде бұған толықтай көзім жетті. Өзімнің баламды да осылай тәрбиелеп өсіріп келем. Білім алам деп осы бір қақпанға түсіп қалғанын қаламаймын.

Қасым:

- Ия, дұрыс айтасыз. Ақша табудың кілтін таба білу керек. Сол Англияда оқып келген азаматтың тапқан жалақысына қарап күлкім келеді. Менің айлық табысым, оның үш жылдық жалақысы. Ал, енді салыстырыңыз – деп күліп жіберді Қасым мырза.

Талғат ұялғанынан қоярға жер таппай қалды. Бауыр мен Қасым еш ұялмай, әңгімесін әрі қарай жалғастыра берді. Талғат үндемей барлық әңгімелерін естіп, қайтарарға сөз таппай тыныш қана отырды.

Бауыр:

- Оқыған адам ешқашан ақша жей алмайды - деп жалғастырды Бауыр мырза. Олар тым жұмсақ, ал оқымағандарға бәрібір. Барлық Үкімет басында отырғандар үшке, екіге оқыған азаматтар. Олар сол ақшаны жеп, сол орынға ақысына дейін төлеп қойған – деп аяқтады әңгімесін үлгі болатын аға.

Қасым:

- Қазір алысқа барам десең, сенің танысың болу керек немесе ақшаң болса болды - деп қосылды. Ал, мен сол жолмен жақсы жүріп келем, менің таныстарым да бар, ақшамда бар.

Бауыр:

- Жарайсың, інім. Осы жолдан тайма!

Бұл есімдерді өздеріңізге тым қатты қабылдап қалмаңыз. Бұл ойдан ойластырылған оқиға. Бірақ мұндай диалогтар кез келген отбасының үстел үстінде болатын әңгіме десекте болады. Себебі бұл қазақтың қанында бар. Осы диалогтарға қарап екі үлкен ағасының сөздерінің жаны бар деп ойланып қаласын. Өкінішті :(

 

Достар, еш ұялмай пікір қалдыруыңызды сұраймын. Қызық болса, саусақтарыңызды жоғары көтеруді ұмытпаңыздар. Жұмысты апталарыңыз сәтті өтсін!



Бөлісу: