Банктер банкротқа ұшырамайды!

Банктер банкротқа ұшырамайды!
жеке
блог

Біздің елде СЕЙСЕНБІ деген сәтсіз күн болатын болды. Алдыңғы сейсенбіде девальвация, бұл сейсенбіде екінші деңгейдегі банктердің шуы. "Банктер жабылады, депозиттеріңді алып үлгеріп қалыңдар!" деген ауандағы хабарламалар бастапқыда уатс-аппен таралса, кейін басқа да әлеуметтік желілерде өріп жүрді. Өз басым бұл хабарламаны өз ішіміздегі конференциядан көрдім. Шынымды айтсам, сенбедім. Ал жұрт болса дүрлігіп, банкке қарай асықты.

Айтпақшы, бағана ғана бұл банктың қала бойынша бөлімшелерінде депозиттерін ойлаған жұрттың қаптап жүргенін, үлкен дау болып жатқаны жайлы видео көрдім фейсбуктен. Біздің елде толқу не деген көп болып кетті деймін де...

Каспий банк - агент 007!

Енді мына суретке назар аударыңыз:

Бір-біріне жақсылық ойлаған жұрттың (анығында қоғамдық бақылауға шығарған ісі үшін) дәл осылай хабар таратып жатқанына Каспий банктің фейсбуктегі ресми аккаунтынан мынадай бір хат келіп түсіпті. Олар бір кездері өздерімен соттасып, дауласқан Ермек Нарымбетовты кінәлап, бір жағынан хабарлама таратқан қолданушының өзін айыптап отыр. «Легкий испуг» деуінен-ақ олардың өздеріне деген сенімін көрсетеді. Демек, сіз, жалпақ жұртқа дәл осылай көмек қол созғыңыз келсе сізді бір хабарламаңыз үшін осылай айыптап шығады. Мұны қалай түсінуге болады?

Осыдан кейін банк басқа бір жолмен заңбұзарды анықтамақ болды. Құдды бір "Wanted" деп жазып, біреуді ұстап берген адамға сыйақы төленеді деуші еді ғой, сол сияқты жалған ақпаратшыны айтқан адамға миллион теңге сыйақы беретін болды.

 

Қайтсе де, өтірік айтқан адамды ұстап жатса бүкіл ел болып бір "үх" дейтін шығармыз. Істеріне сәттілік тілейік!

Банкте ақша жоқ!

Ал енді, осы хабарламаларға байланысты өз ойымды айтсам деп едім. Ешқандай банкте сіздің жинап жатқан ақшаңыз жайдан-жай жатпайды. Олар сіз ойлап таба алмайтын бір жолдармен айналымға түсіп, банк пайдасына жұмыс істеп жатыр. Егер ақшаңызды банк тек ешкім де тартып ала алмайтын қоршауда ұстайтыны үшіналады десеңіз, «тас ғасырында» қалып кеткеніңіз. Себебі банктер сіздің жинап жатырмын деген ақшаңызды өз пайдасына жұмыс жасатуы керек. Сол үшін де сізге ақша сақтап бергені үшін сіз оған емес, ол сізге ақшаңызды өсіріп береді. Яғни... Дәл осы жерде түсінікті болуы керек – барлық салымшылар бір уақытта банктен өз ақшаларын алғысы келсе – онда ешқандай да ақша жоқ болып шығады деген сөз. Дәл осы жағдайға сейсенбінің сәтсіз күнінде еліміздің банктері соқтықты.

Хабарлама негізсіз!

Рас, хабарлама қаншалықты шындыққа ұқсағанымен, енді... өткен аптадағы девальвациядан кейін адамдар ақша жүрген жерде ешкімге сенбейді. Сол бір дау толқыны тыншымай жатып, осындай хабар тарап жатса ел оған қалай сенбесін? Сенеді! Бірақ біз бір ғана мәселені естен шығарып алдық. Хабарлама ешқандай мөрсіз, ешкімнің атымен расталмаған. Бұл дегенің бозбаланың бойжеткенге айтқан «Мен саған аспандағы айды әперем» дегенінен ары аса алмайды деген сөз. Қайталап айтамын, басшының «түнде ғана білгенін» естіген ел сенімнен арылып жатқанда қай-қайдағы екінші деңгейдегі банктерге сенуі керек пе? Міне, осы ойдың ауанымен, былайша айтқанда девальвацияның буымен дүрлігіп кетті. Болды. Бұл да бір мүддесі бөтен бір топтың жасап отырған шырғалаңы болуы мүмкін. Хабарлама негізсіз...

Десе де...

Десе де, орыстың «Доверяй, но проверяй» деген сөзі бар еді ғой, сол орайда өз басым біреудің көмегімен (мемлекеттің, көкемнің, т.б.) жетістікке жетуге талпынбаймын. Бұл біреуге масыл болу деген пікірдемін. Менің ұстанымын осындай. Ал қазіргі жағдайда депозитті теңгемен емес, доллармен және бірінші деңгейдегі банкте сақтаған дұрыс деп ойлаймын. 

Қысқасы, ең сенімді банк - кухнядағы банкі ғой :)

Сурет пен скрин voxpopuli.kz сайтынан