БӘЛІШТЕГІ ТЕЛЕФОН

Ақтау қаласындағы тергеу изоляторында қамауда отырған айыпталушыға туысы бәлішке салып ұялы телефон өткізуге әрекет жасалды. ГМ-172/10 мекемесінің тексеру тобының және ҚАЖД ӨҚТ қызметкерлері біргелікте мекеме аумағына тыйым салынған заттардың алдын алу бойынша атқарылып жатқан іс-шаралар барысында бәлішке салынған ұялы телефон өткізуге әрекет жасаған 19 жастағы қала тұрғынына ҚР ӘҚБТ кодексінің бабтарына сәйкес тиісті хаттама жасақтап Ақтау қалалық мамандандырылған әкімшілік сотына жолдады.

 



Бөлісу: