Балмұздақ кез. Махаббат па, білмеймін...
блог
Қайырлы күн, жақсылар! Аман-есен жүрсіздер ме? Мен, міне, блог жаққа әрең жеттім. Жолда кептеліс. Блогтар кептелісі дегенім ғой. Аялдамада аяңдап қалған ойларыммен алып ұшып жеттім енді. Таяқшаларды жинап ап, жүріп қалғаным үшін бетім қызара отырып кешірім сұраймын. Боп тұрад)
Кәусар мұң қоймайды: "Ақерке, блог жазсаңшы, таяқша сенде ғой. БоЛмаса басқаға бер! Болмаса жаз махаббатыңды", - деп ұрсыыыып, ұрсыыыып))
Жазбай жүргенім ұят әрине, бірақ менде бірінші курста махаббат болған жоқ! Содан соң, не жазам деп жүріп қалдым. Сонда да ағымнан жарылып көрейінші...
Жалпы, менде жұрт ауыз толтырып айтатындай алғашқы махаббат та болмаған. Алғашқы махаббат деген ұғымды, мүмкін, түсінбейтін де болармын. Алғашқы махаббатым осы деп айтатын анық бала махаббатым жоқ менің. Және ол кезді еске салатын тәтті естеліктер де жоқ. Еееенді, болады ғой, бір баланы өзіңше жақсы көретін сияқты боп жүресің. Ол да мені көрсе тұтылып сөйлей алмай қалатындай... Сол ма сонда махаббат? Сол да шығар. Ол жасқа сай келетін махаббат сол шығар, расымен) Әй, миым жетпейді)
Ал бірінші курсқа келетін болсақ, махаббат па, жоқ басқа ма, білмеймін, бірақ балмұздақ кезімде махаббат сияқты боп көрінген жағдайлар өтті бастан.
Ең алғаш балмұздақ боп келгенімде бір жігітпен төлефонмен сөйлесіп жүрдім. Ақымақтығым мен балаңдығым ғой кіп-кішкентай боп жүріп сол жігітпен ойша отбасы да құрып қойдық. Ол ол ма, ойша балалы-шағалы, үбірлі-шүбірлі боп, әжептәуір ұйыған отбасының қабырғасын қалап тастадық.Әрине ол сөзбен!
Сені жақында барып алып кетем дейтін. Ужыыыыс! (Сол кезде кетіп қалғанымда, қазір мама боп отырар ма едім)))))
Екеуміз бір-бірімізді мектеп бітіру кешінде көргенбіз. "Бір көргеннен есі кеткен" әлгі жігіт араға бір даяшы жігітті салып жүріп сыныптастарымның телефон контактісінен менің номерімді алып апты.
Сонымен не керек. Бір көргеннен ол да маған ұнаған, ееенді) "Сенің номеріңді алды" дегеннен тынышым кетіп : "Звондамайтын болса, неге номер алады?" деп көөп күттім. Бір күні соқты.
Ой, жүрегім-ай! Сол кездегі ыстық-ыстық сөздер-ай))
Со күннен (жаздың ортасы) басталған телефон қоңырауы күздің ортасына дейін жалғасты.
Сендім - ол маған шын ғашық боп қалыпты. Сендім - ол мені ессіз сүйіп қалыпты... Өйтіп-бүйтіп жүріп сөзімді де алып алған.
Қазір күлем-ау, ол кезде оның сөздеріне жылайтынмын.
Ең қатерлісі - "Егер сен мені тастап кететін болсаң, мені өлді дей бер", - дейтін.
Қой, біреудің бетіне қарап отқан баласы ғой, өліп қалмасыншы деп жүрдім. Сезімсіз!
Кейін ойландым, талай нәрсе көрдім, білдім. Бәрі мені ойландырды.
Қой, мен тәуекел етіп көрейін. Өле салатындай соншалық оңай емес қой деп түйдім.
Мен үнімді өшірдім. Ештеңеге жауып қайырмай "жоқ" боп кеттім.
Мұныма қарап, бірі мені қатігез дер, басқа дер... Амалым болмады.
Бірақ мен ол жайынды хабар алып тұрдым сырттан... (Өтірік айтад, тіп-тірі боп жүр қазір)))
Міне, балмұздақ ғұмырымның екі айын иемденген оқиға осы. Махаббат емес те шығар.
Махаббат деген ұлы атты мұндай түсніксіз сезімдермен былғағым келмегендіктен, оны менің бірінші курстағы махаббатым деп атауға аузым бармайды екен.
Осы!
Кәусар мұң , "Бірінші курс емес", үшінші курстағы деп бастасаң эстафетаны, ой, бір күшті ғып жазар ем)))))
Таяқшаны Абзал Сариевке берейінші
cуреттер: nnm.ru6 favim.ru6 poem4you.ru