Балмұздақ!!! )))
блог
Эх, уақыт-ай, десеңізші...Көзді ашып-жұмғанша 2-курсты да аяқтап қалыппыз. Іштей: «2-курсты да бітірдік, 4 курстың ортасына кеп тұрмыз» дейм көпті көрген адамша.)) Деймін де, артқа көз тастаймын. (Артқа дегенім, 1-курсыма..)) )
Арман қуып, Алматыға келген сәттен бастап-ақ көзге түскен ең бірінші нәрселерді атап өтейін: барлық жерде ұзыннан бой түзеп, көшенің сәнін келтіріп тұрған ағаштар (алғашында «бәрін демейм, осының аз ғана бөлігін біздің қалаға берсе ғой, аздың өзі көп болар еді» деп ойлайм) мен қысы-жазы ұшар биігіндегі қары ерімейтін әсем таулардың көрінісі... Неткен әдемі көрініс! Мыңқ етпейді-ау, олар да талай сырды бүгіп тұрған болар... Алғашқы танысулар... Жатақхана... Универ... Танысулар демекші, алғашқы танысқан кездеріміздің өзі бір қызық..))) Танысқан адамыңның атын ұмытып қаласың. Оны басқа біреуден сұрайсың. )) Біреумен таныссаң, ол тағы бір өзінің танысымен таныстырады. Сөйтіп, ертесіне ешкімнің атын есіңе түсіре алмайсың...)))
Жатақхана тірлігі бұған дейін де интернатта тұрған мен үшін таңсық бола қойған жоқ. Әбден үйренісіп, ендігісі өз үйімде жүргендеймін...)
Сабақтың алғашқы күндерінің бірінде, жатақханадан университетке группаласым екеуміз бірге келе жатырмыз.. Ол мен жүретін емес, басқа жолға түсіп алды.. «Мәә, осылай да жүруге бола ма?» деп таңғалдым)) - «Иә, бұл ең қысқа, ең тез жол, бәрі осы жолмен жүреді ғой» дейді) Сөйтсем, мен ең ұзын, ең тиімсіз жолды таңдап алып, 2-3 күн универге айналып барып жүріппін))
1-курс қызыққа толы кезеңдердің бірі... Мұнда «эдвайзер» болады екен, ол дегеніңіз, мектептегі «сынып жетекшің» сияқты дид. «Қандай вайзер?» деп қайталап сұрап аламыз.)) Әйтеуір, бәрі қызық...) Әр сабаққа кірген сайын мұғалімдермен танысып, мұқият тыңдаймыз. Олар «балдық жүйе» дей ме, 30+30+40 деп соңында 100 болу керек дейді, оны түсініп отырған біз жоқ))) Тіпті, ең бірінші сабақта 2 балл алсақ, 2 алғандай көңіл-күйіміз түскен..))
Бір күні жатақхананың лифтіне менімен бірге бір ұзыын бойлы жігіт кірді.)) Мен 5-ті бастым.. Әлгі жігіт: «Сіз 1-курссыз ба?» деді. Іштей «өзі 1-курс болмағандай» деп жақтырмаған көзбен: - «Иә», -дедім. – Қайдан біліп қалдыңыз? – Анау 5-ті ұзааақ бастыңыз, - деді – Атыңыз кім болады? Лифт 5-ке келіп, есігі ашылды. «Сау болыңыз» дедім жымиып. Лифтіден шыға бере өзіме күлкім келді. «Қой, енді 5-ті жай басамын» деп ойладым..)))
1-курс есіме алсам, жүзіме еріксіз күлкі үйіретін кез...)
1-курс Тимирязева қайсы, Әл фараби көшелері қайсы екенін ажырата алмай жүрген кез...)
1-курс қызық сезімдер мен әсерлерге толы, ең қызықты да балмұздақ секілді ең тәтті кездердің бірі...))
жалғасы бар...