Салем достар! Бүгінгі мерекелеріңіз құтты болсын! Өмірлеріңіз мәнді де, сәнді болсын!Көңіл күйлеріңізді көтеріп тәттімен шай ішкілеріңіз келсе мына торттың рецепін ұсынамын, барлығымыз магазиннен, сауда үйлерінен алып жүрген: "балдан жасалынған торт"....
Қамырдың құрамы:
сарымай - 60гр қант - 1стакан бал - 2ас қасықТортың кремі үшін:
- 1л қаймақ
- 1стакан қант
1. Қант, сарымай және балды ыдысқа салып, қайнап жатырған су буына қоямыз. . Қант толықтай еріген соң, су буынан аламыз.
2. Пайда болған қоспаға жұмырқаны қосамыз, ең бастысы тез қосып отырыңыз, себебі қоспа ыстық болғандықтан жұмыртқа пісіп қалуы мүмкін. барлығын араластырамыз...
3. Пайда болған қоспаны су буына қойып 2-3минуттай араластырамыз.Үстіне ас содасын саламыз. араластырамыз. қоспамыз 3еселенгенше күтеміз.
4.Көбейген қоспаға ұнымызды салып араластырамыз, қамыр сұйық болса тағы да ұн қосамыз. Қамырды су буынан алып, үстелге қоямыз. Қамырды тағы да илейміз. Қамыр қолға жабысып тұрмау керек, қатты да болмау керек.
5.Қамырды шұжықтың пішініне келтіріп, 7-8бөлікке бөлеміз. Қамыр ыстық болып тұру үшін үстінен сүлгі, майлықпен жауып қоямыз.
6. Үстелдің үстіне аз ұн сеуіп қамырды жұқа қылып жаямыз. Шелпектерді суып қалмай тұрғанда тездетіп жаю керек, өйткені суып қалған қамыр жайылуы қиын болады.
7. Шелпектерді жайып болғаннан кейін, домалақ формалы ыдысты алып, үстінен формасын кесіп аламыз (үлкен тарелка алсаңыз болады). жиектерінде қалған қалдықтарын да пісіреміз, олда қажет болады.
8.Пешті 200 градусқа алдын ала қыздырып, противеньге май жағып, үстінен ұн сеуіп шелпектерді қызарғанша пеште пісіреміз.
9.Қаймақ пен қант қосып араластырып, кремін дайындап аламыз.
10. Шелпектердің үстіне кремді жағамыз, үстіне тағы да шелпек қойып қайталаймыз.
11. Соңғы шелпектің үстіне қалың қылып кремді жағамыз. Торттың жанына да кремді жағамыз.
12. Қалдықтарды езіп, кремнің үстіне себеміз.
Тортымыз дайын. Ас болсын!!!