"Баланың ойы далада", ал ананың ойы қайда?!

"Баланың ойы далада", ал ананың ойы қайда?!
жеке
блог

"Ананың ойы балада, баланың ойы далада" деген екен атам қазақ. Түн ұйқысын төрт бөліп, баласының асты-үстіне ана-байқұс түседі, жағдайын жасайды. Баланың аты бала, бір басына жетерлік шалалығы да бар, ойы да басқа жақта. Бәріміз бала болдық. Ісіміз де шала болды. Тентек те болдық, сотқар да болдық.

Әдеттегідей, күнім ғаламтор беттерін ақтарудан басталды. Кенет көзіме бір сурет түсті. Басында еріксіз күліп жібердім. "Баланың аты бала ғой" деп жымидым.

Әйтсе де, суретке қалдырылған пікірлердің барлығы балалардың анасын жамандап, даттап отыр. Тіпті, бәзбіреулердің "баға алмаса, қарай алмаса, қой дей алмаса, несіне туады?!" деген сөзі ащы болып көрінді.

Сіздер не дейсіздер?!