Баланы соққыға жыққан жігіт кім?

Күні кеше Кенжебаева Гүлнара есімді интернет қолданушысы 5-6 жас шамасындағы баланы соққыға жыққан жігіттің сойқан әрекеті көрінетін видеоні ғаламторға жариялады. Жас жеткіншектердің ойын арасында бір нарсеге таласып, тартысып қалғаны көрініп тұр. Ал ержеткен есті жігіт төбелесіп жатқан балалардың бірін көтеріп алып, жерге ет-петімен лаөтыра салды. Есті жігіттің ессіз қылығы интернет қолданушыларын шулатып жіберді.

Видеоны бөліскен адамның айтуынша, бұл оқиға Шығыс Қазақстан облысының Аягөз қаласында орын алған. Болған бассыздықты көрген ел ағалары жігіттің орынсыз әрекетін жазасыз қалдырмайтындарын жазуда. Расында мұның көптің ойы бір жақы болып отыр. Баланың кінәсі неде еді? Оның жазасын сол жігіт беруге тиіс пе еді?



Бөлісу: