Балалық шағымның қызықты күндері туған жерім ''Байшонас'' ауылында өтті.Қалаға көшіп келгеніме жеті жылдан асты.Қаланың тұрмысына да үйреніп кеттім десем де болады.Ауылымдағы қызықты күндер,ерекше сәттер бәрі бәрі есімде.Соның ішінде балалар басылымының әрбір санын үздіксіз күткен күндер...
''Байшонас''деген ауылымызда шағын ғана поштамыз болған еді.Поштаға үнемі балалар басылымынын іздеп баратын едім.Соның ішінде ''Айгөлек'' журналы мен үшін ерекше басылымның бірі болатын.Телефонның жоқтығынан болар қолым бос кезде үнемі балалар басылымдарын оқитын едім.Қазір есейдім, журнал оқуды әлі де тоқтатқан жоқпын.Психологияға байланысты,жастарға байланысты басылымдар мен үшін алдыңғы орында тұр.
Кезінде журнал оқу оңай болды,ал қазір ше???
Әр бала да бір ұялы телефон...
Журналдың атын да білмейтін балалар саны күн санап көбейіп барады.Балаларды журнал оқуға қалай баулуға болады?
Әрине,шешімі бар.Мен электрондық нұсқаны қолдар едім.Қазіргі таңда қазақша балалар басылымдарының электронды нұсқасы жоқтың қасы десем де болады.Екінші идеям журналды ұстап,бетін ашпайтын балаларға арнағым келеді.Баланы күштеп оқытудың қажеті жоқ! Егер бала журналдың сыртқы және ішкі дизайнына қызықса баланың өзі-ақ ашып оқиды.Көбісі мұның себебін техникаға артып,ізденбейді.Мен сол үшін журналдың сыртқы нұсқасын және ішкі нұсқасын 3 d форматқа ауыстыруды қолдар едім.Әр журналға электронды нұсқа енгізсек,журнал беттерін 3d форматқа ауыстырсақ,балалар ұялы телефоннан ойын ойнағаннан гөрі, журнал оқып ой-санасын жетілдіріп,рухани байитын еді.