Баламды спортқа тәрбиелеймін))

Көк тудың желбірегені,

жаныма қуат береді! 

Әрине, олимпиаданы тамашалап жүрген әр бір адамда осындай арман қалыптасатыны сөзсіз деп ойлаймын. Олимпиада жеңімпаздарының ата-аналарының бақытты сәттері де осы ғой. Туып, тәрбиелеп өсірген балаңның халықтың намысын абыройлы қорғап жеңімпаз атанып жатса одан артық бақыт жоқ шығар иа... 

Негізі, бұл арман алғаш P&G дың жарнамасын көргенде белең алды. Олар "Аналарға тағзым"  деп аталатын жарнамалық желілерінде "Балақайлар" деген атпен әлем деңгейдегі чемпиондардың мамаларын көрсетуден бастады, олардың балаларын қалай тәрбиелегендерінен аздап көрніс ұсынды. Жарнаманы көріп отырып көзіңе жас үйіріледі, ол жерде чемпиондардың аналарының эмоциаларын керемет көрсете білген. Одан кейінгі көрінстерінде балалардың өзі олимпиада ойындарына қатысушылары ретінде бейнеленген. P&G Лондон- 2012 олимпиада ойындарының жетекші серкітесі екенін ескеру керек. P&G дің бұл жарнамалары ең ерекше және ең жоғарғы бағаға ие болып Cannes Lionsта алтын арыстанды жеңіп алған жарнама ролигі болып табылады. Жарнамалардың толық нұсқасын өз сайттарынан көре аласыздар. 

                              

Кеше жаңалықтан Н.Тінәлиев пен С.Сапиевтің аналарының лондонға кетіп бара жатып, тебіргендерін көргенде өзімнің де солардың орнында болғым келетінін байқадым :). 
Олимпиадаға менде баламды тәрбилемесем деген үлкен арман пайда болды :). 

Арманды күнде жолыққанша! Алға Қазақстан! 



Бөлісу: