Балалық-шалалық

 Апам көрші ауылдағы тәтеміздің үйіне кеткен еді. Менен бір жас кіші бөле сіңілім екеуіміз пысықтығымыз "ұстап" аяқ асты үй ақтамақ болдық. Мен 10 ол 9 оқитын кезіміз. Күндіз қолымыз сабақтан босамайды, сондықтан кешкісін жұмысымызға кірісіп кеттік. Бір бөлмені ақтап болған соң, көзіміз серванттағы қызыл шарапқа түсті. Әйй, баламыз ғой, әлгіні ішіп алдық теңдей бөліп. Ақтап жатқан үйіміз жайына қалды.  Былайша айтқанда "недогон" болды ма әйтеурі, сандықтың кілтін атамыздан ұрлап / ұрлық жасамайтынбыз негізі, шараптың буы ұрып кеткен ғой/, ішіндегі кішкентай шөлмекті алдық. Оны да ішіп алдық, ұят-ай. Содан бітті....  Бір қарасам бөлем екеуіміз огород жақта қуаласпақ ойнап жүр екенбіз. Біресе клипқа түстік па, аспанда қалықтап ақша бұлттардың үстімен шалқыдық па, шағып жатқан қалақайды да елемейміз. Содан бөлем көшеге қарай жүгіре жөнелді. Мен қайта кішкене үлкендігімді танытып (үлкеннен садаға кеткір) оны тоқтатып әлекпін. Ол маған бойұсынар емес, айналып жүгіріп келе жатқанда аяқтан шалып құлаттым. Жерге етпетінен құлап жатқан оны, аудардым да бетінен салыыып-салыып кеп қалдым.Есін жиды ма әлде қорқып кетті ма басылды әзер дегенде. Сөйтіп үйге кірдік ау бір кезде. Атамның ешкіммен шатағы жоқ қорылға басып жатыр.  Сол бөлмеге кірдік те жерге құлай құлай кеттік.

Таң ертең тұрсаааақ.......... Құрып кеткір, қу арақ.Басым денемнен 10 есе үлкейіп кеткендей әсерде болдым. Бас деген сынып тұр. Шелегімді әзер тауып /оны да түнде лақтырып жібергінбіз-ау шамасы/, сиыр саудым. Сөйтіп сабаққа бардық. Алты сабақ басым ауырып отырды. Бәрі тұмауратып жүр екен деп, аяушылық білдіріп қояды. Уақыт қырсық та өтпейді сондай кезде. Алты сабағым алты жылдай болып өтті. Түстен кейін үйге келсем апам қолын бүйіріне қойып қарсы алды. Жығылғанға жұдырық деген осы.  Зәрем табаныма бірақ түсті. Қайта шұлығым тесік емес еді, әйтпесе зәрем мені тастап қашып кетер түрі бар))). Атам сол баяғы байсалды күйде:

-Құрал, қыздарға тиіспе түнімен ангиналары көтеріліп, мазалары болмай шықты -деп қояды. Әрине апам сенер еді,  ақталған бөлмедегі батпақпен баттасқан қолдардың ізін көрмегенде. Бөлем екеуіміз " ручной обой" жасаппыз сөйтсе.



Бөлісу: