БАЛАЛЫҚ ШАҚҚА ФОТОРЕПОРТАЖ

Иә, бүгін балалар мейрамы! Нақтысында балаларды аялау, жүректеріне жылу беріп, қадери-қалімізше қорғанышы болуды еске түсіру күні. Көптеген ата-ана балаларын жаңа көргендей боп, сыйлап, сияпат көрсетіп жатады осы күні.

Әзірге балам жоқ, өкінішке орай. Құдай қуантар...

Бірақ өз тарапымнан балалар туралы жазбамен «құтылсам» деген ой келген...


БАЛАЛЫҚ ШАҚҚА ФОТОРЕПОРТАЖ

С.Бегалин атындағы балалар кітапханасында «Сурет салу» сайысы өтті. Өнердің неше түрлі қыры бар екен. Тасқа сурет салу, қолөнер: матадан қуыршақ жасау. «Көңілді пират» бас киімін жасау т.б. Бұл шараны өткізіп отырған «Дружные ребята» балалар газеті. Идея авторы – метаморфоза сурет студиясының жетекшісі Михаил Алексеевич Черновтың айтуына қарағанда бұл шара жыл сайын дәстүрлі түрде өткізіліп тұрады екен. Бұл төртінші жылғы игі бастама. Шараның мақсаты – әр баланың бойында шығармашылық қабілетті дамыту.


4-8 жасар балалар сайысына кәсіпқой суретші, дизайнер – Всеволод Демидов келіпті.

Оның өнердегі шәркіті Леонид Яковлев аптаның әр сенбі-жексенбі күндері сағ. 1000-1700 уақыты аралығында Желтоқсан-Жамбыл көшелерінің қиылсында сурет көрмесі өтетітін хабарлады.


Балаларына бас көз болып, қуанышын бөле келіскен ата-аналар да өз пікірлерін айтып қалып жатты.

Каменева Валентина Гавриловна, 2 немересін әкеліп отырған әже:

-        Бұл іс-шара балалардың басын қосып, достар табуына, шабытын шыңдауға, бақытты балалық шақ сәттерін бастан өткеруге таптырмас жер. Ең бастысы баламыз суретші емес, қайырымды адам болса екен дейміз. Қоршаған ортаны аялап, табиғатты сүйіп, аң-құыстарға дегенмахаббаты басым болсын деп тілеймін.

Ал өзіме ең ұнаған сурет мынау болды. осыны бала салды деп кім ойлайды екен... Керемет


 




Бөлісу: