Балалық шақ – ұмытылмас сәттер
блог
Мен балаларынан көп нәрсені күтетін және талап ететін ата-аналарды көрдім, білемін. Бала есін жиып, мектепалды даярлық сыныбының табалдырығын аттаған бойда неше түрлі ағылшын тілі, математика курстарына, ментальды арифметика сыныптарына және тағы басқа осы сияқты курстаға жіберіп баланың еркіндігін шектеп қояды.
Осы жерде сұрақ: бұл курстар сіздің балаңызға керек пе? Сіз бір сәт балаңызбен ақылдасып, оған бұл барып жүрген сабақтары ұнайтынын немесе ұнамайтынын сұрап көрдіңіз бе? Одан да сіз балаңызды спорттық секцияларға және өнер үйірмелеріне қатыстыруды ойлаңыз. Бұл арқылы бала өзінің бойындағы өнерін дамытып, ашылмаған қырларын тани бастайды. Балаңыз мүмкін болашақ Олимпиада чемпионы немесе Халықаралық өнер сайыстарының жұлдызына айналатын шығар. Сіз тек сол балағыздың өнерін шыңдайтын үйірмелерге қатыстырып көріңіз. Балаңызға әрі қарай өзі шешім қабылдайтын болады. Ол қатысқан үйірмелері балаңызға қызығушылық тудырса, ол өзі-ақ жалғастыруын сұрайтын болады. Өз жолын таңдайды. Сіз тек оған себепші болыңыз. Ал білім керек болса, балаңыз шынымен білімге құштарлығы жоғары болса, онда балаңыз ағылшын тілінде, математиканы да қайдан, қалай оқудың жолын өзі-ақ іздеп табатын болады.
Ерте кезде ағылшын тілінен курстар, математикалық курстар, ментальды арифметика бұлдардың бірі де болған жоқ қой. Мұғалімнің берген тапсырмасын орындап, қосымша керек мәліметін кітапханадан алып жазып алатын. Ал, қазір іздегеннің бәрі бар. Компьютер де, интернет те, ұялы телефон да барлығы дабар. Керек затыңды үйден шықпай, осылардан-ақ тауып алуыңа болады.
Бұнымен айтайын дегенім, болар бала он үшінде баспын дер, болмас бала отызында жаспын дер.
Балалар балалық шағын көңілді әрі уайымсыз өткізуі тиіс. Себебі балалық шақ қайтып оралмайтын уақыт. Ол кезден тек қуанышты естеліктер ғана қалуы тиіс. Таңнан кешке дейін ойна, күліп, алаңсыз өмір сүріп үйренсін. Өйткені сіз, балаңыздың болашағы қандай болатынын білмейсіз...