Балалық шақ
блог
Күндердің тез өтіп кетіп жатқанына таңғаласың, кейін оның күндер емес өмірің екенін аңғарасың". Өте орынды сөздер. Шынымен де уақыттың қас-қағым сәтте өтіп жатқанына шек келтіре алмаймыз. Кеше ғана мектеп табалдырығын аттап,бастауышпен қоштасып, өтпелі кезеңнен өтіп жүрген сияқты едік. . . Қазір өміріміздің мүлде басқа бөлмесіндеміз.5 жыл бұрынғы өзімізге қарасақ уақытты босқа өткізіп, қателік жасап жатқанымызды көреміз. Сондықтан, ә рқайсымыз кем дегенде бір рет өмірді кері бұруға, өз қателерімізді дұрыстауға мүмкіндік алғымыз келетіні рас. Сол себепті, мен, 16 жастағы өзіме хат жолдағым келеді.
"Сәлем,16 жастағы Гүлден! Қалайсың? Не істеп жатырсың? Қателеспесем 10 сыныпта оқисың.Менің ең сүйікті сыныбым.Уақытты босқа өткізіп жүрген шығарсың, иә? Бұл-үлкен қателік.Оны кейін түсінесің... Саған бірнеше кеңес берейін деп едім.Қазірден бастап ҰБТға дайындал.Тіл үйрен, оқы көп нәрсе оқы… Басқа тілдерге мән бер, әлем әдебиетін оқы, қазірден оқы.
Батыл бол, өз істеріңе өз өміріңе қатысты істерге батыл бол… Адамды қайтара алатын мінезіңді батылдыққа жұмсашы…Адамның әрбір күні, әрбір сағаты мақсатсыз өтпеуі керек. Болашақ мамандығың туралы нақты ойлан. Арманда. Күнделік жазуды басташы, өтініш ! Әр күніңді, қызықтарды, мектептегі жаңалықтарды жазып отыршы.Маған болашақта қызық болар еді. Уақыт бізбен санаспайды, тез өтіп кетеді. Сондықтан, у ақыттың қадірін білу керек. Әрбір жылдың, айдың, аптаның, бір күннің, бір сағаттың, бір минуттың, бір секунттың өзіндік құны бар. Осыны түсіне біл!А айтпақшы, саған болашақтан жаңалық айтайын ба? 2019 жылы елімізді басқа президент басқарады. Елестете алмай отырсың ба? Үйреніп кетесің????Мен тағы хат жазамын саған. Күт! Сау бол! "
Сізге де 16 жастағы өзіңе хат жазуға мүмкіндік болса, не жазар едіңіз?