"Балалық шағымның аспаны"

"Балалық шағымның аспаны"
жеке
блог

Әдетте,ата-анамыз «біздің кезімізде...»деп бастайды ғой әңгімелерін.Мен де жазбамды солай бастамақмын. «Біздің кезімізде...»дейтіндей сіздің кезіңізден алыстаған жоқпын,бірақ,балалығым артта қалып барады екен.Теледидардағы жаңа жылдық концерттер мен «Массагеттегі»  эстафеталар  осы күнге дейін жаңа жылды қалай қарсы алғандығымды еріксіз еске түсірді. Мектепте оқып жүргенімде  дәл осы күні жаңа жылға арналған кеш болатын еді.Ол кезде қазіргідей киім іздеп базарға жүгірмейтінбіз,бәрі қолдан жасалатын. Әр жылы әртүрлі сахналық қойылымдар қойып,жыл сайын «тонымды» жаңартып отыратын едік.Сыныптастарым еңбек апайға заказ беріп киім тіктірсе,маған мамам тігіп беретін.Қолы алтын ғой,алтын!

Нөлевойда клоун болдым

Бірінші сыныпта аю болдым (алдымдағы ұл панда болғасын, менікі ұқсамайды деп жылағанымда,мамам: « сенікі киімі бар аю,көрдің ба,оныкы тек қоңыр.Сен-ақ аюсың,бірақ сыртыңнан қара киім киіп алғансың...» деп жұбатқаны бар)

Екіншіде қоян

 

Үшіншіде түлкі 

 

Төртіншіде тауық ,бірақ суретім жоқ екен ;)

 

Бесінші сыныпта «жануар» емес, биші болыппын (белдемше мен кеудеше мамамның қолынан шыққан)

 

Алтыншы сыныптан бастап  жүргізуші болдым (мамам кеудеше (желетка) тіккенді жақсы көретін.Бас киімім мен кеудемшем алтын қолдан шыққан дүние)

 

Кеше інімнің балабақшасында жаңа жыл болды.Қаланың балалары ғой,ешқайсысында  «менікіндей» киімдер жоқ. «Аяз ата маған мынаны берді,ананы берді,ана балаға ойыншық планшет берді»- деп, бір қорап тәттілер алып келіп,бәрімізге үлестіріп  беріп жатыр. Бесінші сыныптағы інім сыныбымен жаңа жылды «Думанда» өткізіп келді.  Қарап отырып,ішім күйіп кетті,қызғаныштан емес ...Біздің кезімізде  Аяз ата берген сыйлықтың ішінде 1 мандарин,1 алма,1 шиколад,бір ойыншық (қыздарға кукла,ұлдарға машина немесе автомат),бір бет орамал  сынды майда-шүйде заттар болатын.Соның өзін алғанша асығып,сол күнді тағатсыздана күтетін едік қой.Ол сыйлықты алдын ала үйде шифонердің үстінен көрсең де,Аяз ата  қолынан алғанда оны ұмытып,қунышқа кенелетінінбіз.Есімде,бір рет сыныптастарымның бәрінің сыйлықтары бірдей болып,менікінде ғана «кирешки» болғанда жерден жеті қоян тапқандай қуанғанмын.Бүгін мектепте өткен жаңа жылдарды сағынып отырмын...

Сіз ше,сағынасыз ба?