"Балалық шағымның аспаны" #2

Араға бір жыл салып,алдыңғы жазбамды толықтырып  отырмын J Осы аз күн ішінде байқағаным,уақыт деген арғымақ екен,еш ұстатпайды-ау,тегі!   Тағы бір жылым артта қалып бара жатыр деп,өткен күнге көз тастадым,кішкентай кезімдегі біраз нәрселерді есіме алып күлдім,сағындым...

Ø ...кішкентай кезімде бәрі тышқан көрсе «тышқан,тышқан!» деп қаша жөнеледі екен,ал мен болсам мамама барып: «мамаа,кім тышқан...?!» дееп тұрады  екенмін; Ø ...ауылда  мамам сиыр сауып тұрса, жаңбыр жауып тұрса немесе су тамшылап «тыңқ-тыңқ» еткен дауыс шығып тұрса болды билей береді екенмін; Ø ...үйдегілер тілің тәтті болған деседі,бала тілі бал ғой енді. Менен кімнің қызысың десе «ауқаттың» дейді екенмін(ашқарақ болғанмын-ау шамасы); Ø ...қызық,балалар тілі шыққанда «мама,папа,апа,ата»  деп жатса,мен «батончик» деген екенмін.Қайдан үйреніп,аузыма кім сала  қойған десеңші,ия?!; Ø ...есімде... ауылда дуаналар жүретін.Бұзық болғанымда мамалар «дуанаға беріп жібереміз» дейтін.Осыны естіген соң бір күні әдемі көйлегімді киіп алып: «папа шашымды өріп беріңізші,қазір дуаналар келсе әдемі болып барайын» деген екенмін; Ø ...маған жаңа аяқ киім алып берсе соны киіп алып,үйді айналдыра тоқтамай «қараш,мына тәпішке қатты жүгіреді,светі жанады  екен» деп зырылдайтынмын.Құдды сол аяқ киім өзі жүгіріп тұрғандай! Ø ....тілің ерте шықса да, «р»-ды кеш айттың деседі. Әлі күнге дейін туыстарым «өлік жисің ба,өлік жейсің бе?» деп мазақтап алады.Бес жасыма дейін «өрікті» «өлік» деп өскен адаммын ғой енді) Ø ...маған біреу тиіссе «өскенде сот болам,сол кезде сені бірінші қамап тастайм түрмеге,сосын жалынатын боласың(!)» дейді екенмін.Сот болсам қиял әрі қатігез болады екенмін ғой,Құдай сақтапты қайта! Ø ...бұным енді сәл ұяттау) «Егер Аяз ата шын болса, мені баяғыда-ақ Ақтауға апарар еді...» деп жазыппын тоғызыншы сыныпты аяқтарда күнделігіме.Ееееһ,не деген қиялмын десенші,оқып отырып ай күліп алдым-ау!) Ø Бұрын  пышаққа түскенімде дәрігерлер   «мына қыз адам болмайды(!)» деген екен.Бір нәрсені қате жасасам үйдегілер : «ана дәрігер дұрыс айтқан сияқты.Адам болсаң осылай жасамаушы едің-ау...»деп ұрысып  еркелетіп алатын.

Иә,еркелететін... «Есіл,енді еркелемеймін!» деп бір ашуланып алғаным бар еді бұрында.Қазір керісінше,есейген сайын еркелей бергім келеді,еркелей бергім...Үлкен болған сайын жауапкершілігің үлкейе түседі:тем более қызсың  қылтың-жылтыңды да азайтасың;өмірге деген  көзқарасың өзгеріп,ата-ана  сенімін ақтауға барынша тырысасың;  кез-келген нәрсеге ат үсті қарамай,терең ойланасың; «үп» еткен желге үлбіремей,барынша   «серезьный» боласың да бәріне «серезьный» көзбен қарайсың...үлкендерше сөйлеп кеттім ба,мен негізі үлкен емеспін,просто ...

есейгім келмейді!

 



Бөлісу: