Мен балалығымның тәтті дәмен 90 пайызға таттым деген ойдамын. Қалған 10 пайызы қайда дейтін боларсыздар. Оны Маша алып алды. Маша- біздің көшеде тұратын менен 3 жас үлкен орыс қыз. Неге екені белгісіз ол мені көрсе қояншығы ұстап тұратын. Менің үлбіреген балапан шашым ұнамайтын болуы керек. Көрсе бітті тұра қуып шашымнан жұлатын. Мен де жын көргендей тұра қашатынмын. Бірде скакалкамен шықпыртқаны бар. Сол кезде неге қуады, неге мен қашамын? Деген сұрақтарға ойланбаған екенмін. Әйтеуір ол қуады, мен қашам. Қуып келе жатып шалып құлатады да «от души» ұратын. Мен де қарсыласпайтынмын, бетімді тосып. Білесіз бе неге қарсыласпағанмын? Себебі мен өзім ішімнен «Көр де тұр, осыдан 25-ке толайын, сосын көресеңді көрсетемін» деп серт бергем. Енді міне 25-ке толым. Өзім есейгеніммен сол ашулы, сол қатты қынжылған шашы үрпек сары қыздың сол сәттегі ойы есеймеген. Әлі де сол Аққұлақ Машаны ұстап алып ұрғым келеді бір. Бірақ ол Герменияға көшіп кеткен екен. Әттең..., балалық кек жаман екен. Менде орысшалап айтқанда оны ұруға «дикое желание» бар әлі. Мен шыбықпен шықпыртқан жаман қыз. Сол кезде үлкендерге айтып бір қанын қағып алу керек еді...еехх, бәрі кеш. )))