Балалығымның куәсі...

   Әр адамның өмірінде өзі қимайтын бір жандардың болары бәріне хақ. Өмірдің кейбір қисалаң өткелдерінде сол жандардың жоғалып кететіні тағы бар. Не болмаса тағдыр оларды тарыдай етіп жан-жаққа шашып жібереді. Мұндай сын сағаттарында жіптей үзіліп кететіндер сенің ең тәтті естеліктерің болып қана қала бермек. Ал сүрінбей өтетіндері сенің мәңгі досың...барың...

Естеліктер көп әрине. Сағаттың шықылдауына қарай ойыңа шым-шым етіп оралады да тұрады. Ал мәңгілік достар олай емес, олар аз...олар үнемі ойыңда...

Мен бүгін сол мәңгі досым жайында біраз тебіренгім келіп отыр. Аллаға шүкір деймін, ол менің жанымда. Алақандай ғана әдемі қаламызға ол ауылдан көшіп келген болатын. Кейде әзілдеп отырамын: «Менің Құдай қосқан көршім» деп. Өйткені, олар отбасымен біздің үйдің дәл қасына қоныстанған. Мен ол кезде небәрі 5 жаста болдым. Тіпті, ең алғашқы кездесуімізді жатқа білемін. Үйдің айналасындағы шарбаққа асылып бір-бірімізге ұзақ қарап, қолымыздағы нанды «мә, жейсің бе?» деп ұсынған едік...Сол тілдескеннен соң жұбымыз осы күнге дейін ажыраған емес. Лайым ажырамаса екен деп тілеймін Алладан...

                  

Айтайын дегенім бүгін оның туған күні. Менің – Мөлдірім 23 жасқа келді. Ойлап қарасам, бойжеткен екен. Әзілдеп дау қыз болдың дейтінмін жылда. Ал биыл әзілдегім келмейді. Өйткені, жыл өткен сайын оның жанымнан жырақтап, өз үйіне кетерін білемін. Қуаныш пен қимастықтың қатар келетіні ғой...Жә осы жерден тоқтап, тілегімді жаудырайын онанда.

Сен – менің балалығымның куәсісің. Өзіммен бірге өскен тел құрбымсың. Құрбы ғана емес, өмірдегі барлық рөлді атқарған  - аяулымсың. Әпке болып қамқорлық танытып, үлкен болып ақылшым болғансың. Тіпті, жасыңа қарамай кейде сіңлім де болдың. Себебі, ұрысқаныма көніп, айтқанымды әрдайым істегенсің. Тұншыққан сезімдерімді тек өзіңе ғана айта алатын - сырласымсың. Мұның бәрін қойшы ең бастысы – өмірден өліп кеткім келетін кездерде өмірге қайта талпындырған – өмірімсің. Сен менің – тап-таза балалығым Мөлдірімсің...

                                                                

Туған күніңмен асыл құрбым! 16 жыл ғана емес, мәңгі бірге болайықшы...



Бөлісу: