Балалығымның жарқын шақтары №2

Бастауышта оқитын кезім болса керек. Сабақтан соң далаға қашатын әдетім. Көршілерім кілең ер балалар болатын. Сабақтан соң тамақ іше сала,сыртқа атыламын. Өйткені көшеде балалар жиналып футбол ойнаймыз, басқа көшенің балаларына тиісеміз,Қыздар келсе секіретін скакалкаларын алып аламыз. Кешкісін бір-екі қыздың мамалары келіп ұрсып алып кетеді қайтадан.)))  Сонда жанымда ылғи өзіммен оқитын ек-үш бала,менен бір-екі жас үлкен балалар,жалпы бес-алты бала айналасындағы "атамандар". Қыздардан жалғызбын)))  Біздің үйдің алдыңғы жағында бұзылған үйдің орны бар-тын. Ылғи сол үйдің қабырғаларының ар жақ бер жағында тығылып не атыс-шабыс секілді ойын ойнаймыз. Арасында басқа көшедегі қыздар келіп тұрады. Оның өзінде қағып соғып жүріп ойнаймыз. Жә,айтайын деп отырған оқиғам нақты менің есімде жоқ. Жанымда әпкем және куәгерлер үй ішім болғандықтан солардың сөзімен жазайын. Сол үйдің маңайында көп бала ойнап жүріппіз,шамасы тығылмақ ойнағанбыз. Сөйтіп,мен тығылып оытрған жерден бірнеше штук дәрі тауып алыппын да,еш ойланбастан қылғытып жұта бергем. Ары қарай? Мені тауып алғанда,отырған жерімде ұйықтап қалыппын. Бәрі шошып кеткен. Әпкем ағамды шақырып,үйге алып барған. Анам байғұс жылап жүр дейді. Әпкем мен ағаларымды "Сендер дұрыс қарамай қойғансыңдар"деп ұрсыпты. Дәрігер шақырған,ол не болғанын білмейді. Сонымен ертеңіне кешке таман бірақ ояныппын. сөйтсем,мен ақымақ ұйықтататын дәрі ішіп қойыппын)))) Үйдегілер шошып кеткен,әкем мен анам бас салып құшақтап,ағаларым маған ашуланып енді ойнамайсың деп ұрсыпты. Аман екем әйтеуір))) Қазір осыны күліп еске алады. Қандай бала болғанымды сезіп отырған шығарсыздар ))))) 

Суретте ақ көйлекке "кепка" киіп тұғаным енді.....)))))



Бөлісу: