Балалы үй базар

Өздеріңе белгілі өткендегі қайғылы жағдайдан соң, апамды қарауға апайым келген екі жиенімді алып. Бұрын соңды осы жиендерімді көп ұната бермейтінмін, неге екенін білмеймін. Анда санда бір келгендерінде ұрсып, шуламаңдар деп. Бүгін сол жиендерім мен апайым үйіне қайтты. Үйдің іші тып тыныш. Апам бір жақта мұңайып оранып жатып қалды, күнде түріктердің сериалдарын тамашалау үшін кинотетрдың бірінші қатарынан орын алып, көршілерде естімей қалмасын деп даусын70ке апарып отыратын еді. Күнде жұмыстан келгенде үйде шулап, мен келгенде ноутбуктың қосылатына мәз болып қарсы алушы еді. Неше күнен бері мултик көріп жүрмін. Мултикке кәдімгідей мәз болып күледі. Күлгендеріне қарап риза боласың,кәдімгідей қуаныш сыйлайтын. Тамақ ішерде "Ой Елдана, Сиқош отыр деймін" деген сөздер кететін. Бетіңнен сүйейінші жесең кәдімгідей бәлсінеді ғой, ақы сұрап. Ақылары ат болу, үстіме мінгізіп алып еңбектеп үйдің ішін айналып жүруім керек.Қылықтары сондай  тәтті, қиқарлықтары енді қырдан асып түседі. айтқандарын орындамау деген мүмкін емес. Үйдің жанында тұратын ағам қызы бар үште Жансая деген, оның бетінен сүю үшін қалтаңда оған арналған житін тәттің болу керек. Онсыз иіскетпейді де.Жұмыстан шаршап келгеніңде жиендерімнің тәтті қылықтары шаршағаныңды ұмыттырып, жанды жеген түршіліктің түйткілдері мен көңілдегі мұңды сейілтеді. Қазақты мындай бір мақал бар ғой балалы үй базар, баласыз үй мазар деп, қазақ бекер айтпайды екен ғой



Бөлісу: