Балаларымыз аман болсын!

Ассалаймағалейкум, ағайын!

Жайма шуақ жаз мезгілінің алғашқы күні мен онымен тұспа тұс келген үлкен мереке құтты болсын! "Бала бауыр етің" дейді атам қазақ. Бүгін балаларды қорғау мерекесі. Балаларымыз аман болсын! Олардың әрбір күні қызық пен қуанышқа толғанын қалаймын.

Біз де бала болдық. Еркеледік, асыр салдық. Мен тауда өскен қазақпын. Қазір сол беймаза күндерді ерекше сағынышпен еске аламын. Сол шақтарға оралғым келеді. Құрт ұрлап, шыбықты ат қылып мінген кездер қайта оралмас.

Бүгінде үш баланың әкесімін. Балаларым болашақта кәделі кәсіптің етегін ұстап, елге қызмет етсе екен деймін.

Қазақ елі аман болсын! Кішкентай бөбектеріміз еліне елеулі, халқына қалаулы азаматтар болып өссін!

Ізгі ниетпен, Нұрлан Албан



Бөлісу: