Балалар үйі азайса ғой

Балалар үйі азайса ғой
жеке
блог

Менің үйімнің жанында балалар үйі бар. Жетімдер үйі. Бірі әке-шешесі өмірден өткен соң, жетім атанса, бірі әке-шеше бар бола тұра "тірі жетімге" айналған. Көршіміз Люба тәтей сол үйде тәрбиеші болып жұмыс жасады. Бір тәулік жұмыс істеп, екі күн демалатын. Кезегі түскен кезде бізді балаларға алып баратын. Бізді көргенде мейірім мен жылулыққа зар болып жүрген балалар жанымызға жүгіріп келіп, қолымыздан ұстап "Мама" дейтін. Сонда өзіміздің жасымыз бар-жоғы 9-10 жаста. Өзіміз де баламыз. Бірақ, сол балалардың жанында өзімізді тік ұстап, үлкен адамдар секілді жүретінбіз. Балаларға қасықты дұрыс ұстауды, тамақты дұрыстап ішуді, ойыншықтармен қалай ойнауды үйрететінбіз. Кейбір кезде ата-анамыздан бастап, көршілерімізге дейін "Детдомға бармаңдар, ол жақта ауру балалар, небір ауруды жұқтырып аласыңдар" деп ұрысатын. Соған қарамастан, жасырып болса да баратынбыз. Таяуда Кербез қыз менің бала кезімнің қалай өткендігі туралы білгісі келетінін айтып еді. Сол балалық шағымның бір күндері осы бір естелік. Ал мұның барлығы мына бейнебаянды көрген соң, еске түсті. Жетім деген қазақта жоқ болып, балалар үйінің саны азайса ғой