“Балалар жылы” аясында кітап көрмесі өткізілді

“Балалар жылы” аясында кітап көрмесі өткізілді
жеке
блог

1 - қыркүйек – Білім күніне орай   "Зағип және нашар көретін азаматтарға арналған республикалық кітапхана” арнайы барып  "Н.Островский атындағы зағип және көздері нашар көретін балаларға арналған №4 арнайы мектеп-интернаты" КММ және "Есік қаласының облыстық зерде бұзылыстары бар балаларға арналған арнайы мектеп-интернаты" КММ-нде кітап көрмесін өткізді.

Іс-шара аясында Республикалық кітапхана қызметкерлері Арынбекова Назым,Оразбакова Эльмира, Тоқтарова Бақыт, Қожамберді Зерде,Даутанова Рысгүл арнайы қатысып, әдебиеттерге шолу жасады. Салтанатты жиын барысында кітапханамыздың қызметкері Искакова Қанат құттықтау сөз сөйледі.

Көрме аясында балаларға арналған жетпістен аса: жайпақ баспалы,нүктелі бедерлі қаріпте,дыбыстандырылған әдебиеттер мен анықтамалық-методикалық кітаптар таныстырылып пән мұғалімдері мен оқушылар,ата-аналардың қызығушылығын тудырды.

Шараның тағы бір басты мақсаты мекемелерменалдағы уақытта да жұмысты жалғастырып, арнайы меморандуммен таныстыру болатын.

2022 жылғы 1 қыркүйекте жүзеге асырылған бұлмеморандумның мәніне қысқаша тоқтала кетсек:

- Кітапхана қорында жоқ басылымдарға оқырмандардың сұраныстарын қанағаттандыру мақсатында кітапханалық-ақпараттық қызмет көрсету;

- білім беру саясаты саласындағы өзара іс-қимыл мақсатында ұзақ мерзімді ынтымақтастық (зағип жандарға жағдай жасау);

-іс-шараларды ұйымдастыруға және өткізуге бірлесіп қатысу: тақырыптық семинарлар, дөңгелек үстелдер және т. б.

- зағип оқушыларға қатысты барлық мәселелербойынша ақпараттық көмек көрсету;

Сонымен қатар алдағы уақытта оқырмандар кітапхана ресурстарын мерзімді басылымдарзалдарында және электрондық кітапханадабелгіленген тәртіп пен ережелерге сәйкес пайдалана алады.

Алдағы уақытта кітапхана қызметкерлері мен ұстаздар тарапынан арнайы сұраныстарды анықтау үшін what’s app желісінде арнайы топ ашылды. Топқа сынып жетекшілері мен ұстаздар да қосылды.

“Есік қаласының көру қабілеті бұзылған балаларға арналған облыстық арнайы мектеп - интернатының” дефектолог-тифлопедагог  маманы Жолымбетова Айнұр: “Бұл біздің тәрбиеленушілер үшін үлкен мүмкіндік. Себебі, мұндай жүйедегі оқулықтар бізде жетіспеушілік тудырады. Алдағы уақытта оқушылардың  сұраныстары барысында сіздермен қарқынды жұмыс жасаймыз деген сенімдемін”-, деп өз пікірін білдірді.

Бала тәрбиесі қай заманның, қай қоғамның болсын, ойшылдары мен зиялыларын толассыз толғанысқа, үздіксіз ізденіске түсіргені күмән туғызбайды. Еліміздің болашағы - ертеңгі тәртіпті де тәрбиелі ұрпақ екені даусыз. Сол тәртіпті, тәрбиелі ұрпақ өсіру - баршаға ортақ, әрі міндет.Ал, сол жолда еңбек сіңіріп жүрген әр ұлт жанашырына сәт сапар тілейміз!


Зағип және нашаркөретін азаматтарға арналған республикалық кітапханасы

Кітап қорын сақтау және абонемент бөлімінің қызметкері Даутанова Рысгүл Дарханқызы.