ФОТОӨНЕР бірлестігі №1 Балалар үйінің балаларын «Үш қоңыр» жайлауына шығарып фотоға түсіру сабақтарын өткізді. Шеберліктің тәжірибе арқылы келетінін, қандай жағдайда сәтті сурет шығатынын, жарық пен траекторияны қалай есептеу керектігін үйретті. Анығырақ айтсақ, Балалар үйінің 20 тәрбиеленушісі бұл өнерге қызығып, фотоүйірме ашыпты.
Күннің жаңбырлы екенін де ескермей Asilkhan Abdraymuly, Serik Utegen, Sarsen Khzai, Женис Ыскабай, Нұрғиса Елеубеков, тағы да басқа мамандар балалардың әрқайсысын көкке жеке алып шығып, фотоөнердің қыры мен сырын ашты. Балалардың түсірген суреттері 1 маусымда ұйымдастырылатын фотокөрмеде қойылатын болыпты.
Дәл осылай балалардың көңілін тауып, жаңа бір арман жетектеуіне себеп болған жоғарыда аталған ағаларым мен "ФОТОӨНЕР" бірлестігіне ризалық көңілмен алғыс айтамын, бар болыңыздар, нар болыңыздар!
Енді сол сәттерде түсірілген суреттерден фоторепортаж ұсынамыз. (Суреттер Фотоөнер бірлестігінің фейсбук парақшасынан алынды)
ФОТОӨНЕР бірлестігінің фейсбуктағы адресі мынау - https://www.facebook.com/groups/573364899347914/