Балалар әдебиетіне жаңа кітаптар қосылуда

Отандық балалар әдебиетіне үлес қосып жүрген санаулы жанның бірі, жас автор  Амании Жан - Елордаға арнайы атбасын бұрды. Алматылық Амании – Астанадағы мектеп оқушыларымен, балабақша тәрбиеленушілерімен кездесті. №57 мектептің оқушылары жас жазушымен кездесуді асыға күткен екен. Балалардың көпшілігі автордың шығармашылығымен бұрыннан таныс болып шықты. Сондықтан болар кітапқұмар балақайлар жазушыны сұрақтың астына алды. Олар кітаптағы кейіпкерлер, жазушылық қабілетті дамыту, ертегілер төңірегінде білгісі келді.  

Амании ханым «Даниялдың ғажайып әлемі», «Алуан түсті балықтар және Дария» атты қазақ, орыс, ағылшын тілінде аудио нұсқасымен шыққан кітаптардың авторы. Ал, жақында жарыққа көрген «Қызыл бәтеңкенің бастан кешкендері» атты кітабі жеті тілде жазылған. Әңгіме барысында Амании ханым жуық арада тағы бір кітаптың тұсауы кесілетінін жеткізді. Кездесу соңында ұстаздар мен шәкірттер автордың балалар әдебиетіндегі шығармашылығына табыс тілеп, рахметін айтты.



Бөлісу: