«Bala Turkvizyon-Қазақстанда» Қызылорда облысының намысын қорғайтын жеңімпаз анықталды
блог
19 маусым күні Қызылорда қаласы Асқар Тоқмағамбетов атындағы мәдениет үйінде «Bala Turkvizyon-Қазақстан» байқауының Ұлттық іріктеуі өтті. Ұлттық іріктеу Әлия Назарбаеваның «Жандану әлемі» қорының бастамасымен жүзеге асуда. Әлия Назарбаеваның қоры көптеген білім, мәдениет саласындағы және қайырылымдылық шараларына арналған жобалардың бастамашысы. «Bala Turkvizyon» байқауының Ұлттық іріктеуі «Жандану әлемі» қорының балаларға арналған кезекті жобасы.
Аймақ тәлімгерлері әнші Серік Ибрагимов, әнші Kaliya және «Нұр Мұқасан» тобының мүшесі Мұқасан Шахзадаев жеңімпазды анықтады. Ең талантты болып 12 жастағы, әншілер отбасынан шыққан Құралай Мейрамбек атанды. Музыкалық отбасыда балалармен бірге ата-аналар да әнге жақын екен. Іріктеуге Құралай Астанада вокальдық факультетте оқиын үлкен әпкесімен келді. Бүгінге дейін көптеген халықаралық байқаулар мен додаларға қатысып үлгерген қыз, өжет мінезімен қайсырлығымен, еңбекқорлығымен ерекшеленеді. Жақында ғана Германияда өткен үлкен музыкалық фестивальде бірінші орын иеленіп келді. Іріктеуден кейін жергілікті театрда өтетін қойылымына асыққан өнерпаз, өнер жолына үйренген жан екенін көрсетті. Әпкесінің айтуы бойынша, Құралай шет тілдерін үйренгенді жақсы көреді екен. Ол үш тілді жетік меңгерген, қазақ-түрік мектебінің үздік оқушысы.
Жұлдызды тәлімгерлер бірлесе отырып, әрбір қатысушыны мұқият тыңдап, мақтау айтып үлгерді. Байқаудың баспасөз мәслихаты да өзгеше өтті. Жергілікті БАҚ өкілдері сахнада қойылған флешмоб пен қатысушыларға арналған әдемі қойылымның куәсі болды. Серік пен Kaliya өз ән шашуларын балалармен бірге орындап, би алаңын ұйымдастырды. Іріктеуге қобалжып келген балалар үшін, бұл нағыз мерекеге айналды.
Ұлттық іріктеу әдемі музыкалық нотамен аяқталды. Өнер жұлдыздары мен жерлестер бірігіп, армансыз ән орындады. Жерлестерінің қолдауына риза болған Серік, рояльға отырып, ән сала бастады. Көптен көрмеген сүйікті әнішісін қаумалаған өнерпаздар, әншінің ел аузында жүрген хит әндерін орындай бастады. Қазылар алқасының мүшесі Айжан Керімқұлованың айтуы бойынша аймақтар бойынша өткізіліп келе жатқан Ұлттық іріктеуде Серіктің әндері көп орындалады екен.
Молданазар сиқты атақты өнер жұлдыздары шыққан Сыр өңірінің кішкентай өнерпаздары тек ән салып қана қоймай, «Bala Turkvizyon-Қазақстан» байқауына арнап шығарған жыр шумақтарын оқып, пародия жасай білді.