Бала тілі - бал. Жалғасы
блог
"Бала тілі - бал" жазбасының желісімен.
Нағашы ағамның немересі Махамбеттің төрт жасар кезі. Бала-бақшаға баратын. Топтарына бір орыс бала келіпті бір күні. Әке-шешесі қазақ тілін білсін деген ниетпен берген ғой. Аты Андрей. Содан отыз бала бір орыс баланы қазақшаға емес, бір орыс отыз баланы орысша сөйлетті. Жаңағы Андрейді әке-шешесі "Андрюша" деп еркелетеді екен. Осыны санасына құйып алған біздің бала үйге келген бойда атасының жақын досы Тұрсынбай ағаны "Тұрсынбаюшка" деп айта бастады. Сосын қалғанын, оның өзінде тек үлкен кісілердің атын "Нагимуша", "Разиюша", "Хадишашка", "Рахымбаюшка" тсс деп айтқанда, барлығымыз әуелі ұялып, сосын күлкіге бататынбыз. Бір күні өзіне "Махамбетушка" деп айтып едім, оным ұнамай қалды.
***
Бір күні Махамбеттен "Үйге ақшаны папа әкеле ме?!" деп сұрасам, "Жоқ, ол қайта мамамнан обедке деп алып кетеді" деген)))
***
Көршімнің баласы Дәулет кейбір әріптерді дұрыс айтпайтын. Менің өзімді Айза дейтін. "Ж" әрпін "З", "р"- "л" дейтін. Бір күні: "Цилкке балдық, зынды болды" деп аузынан сілікейі ағып айтып келді. Содан мен "Мәссаған! Зынды болды ма не?" деп едім. Маған ұзақ қарап: "Айза апай, сен зынды дегенді зынды дейсің ғой" деп мені күлдірткен.
***
Жиенім бар Ерсін деген. Беске толады, құдай қаласа. Бір күні әкесіне ренжіген ол: "Мешітке бар, иман келтір" депті. Жездем де, әпкем де шалқасынан түскен.
П.С. Ал мынау "на десерт"