Екі қызым бар дегенім болмаса, екеуі екі мамаларымда. Екеуі мені Айша дейді. Ал апалары Мама болып кеткен. Мамам мен енем (енем деген сөзді өзім онша ұнатпаймын, оны мамам, жолдасымның мамасы деймін) өздерің аяқтанып алыңдар, балаларды қарайтын адам барда жұмыс істеңдер деп, оның үстіне алғашқы немерелері болған соң өздеріне алған /байқауымша қайтып беретін түрлері жоқ
-Айша, папам екеулерің "сүмірейіп" жүре бермей бала туып алсандаршы (ол папа екен да мен Айша екенмін), бәрінде бала бар, сендерде жоқ, тамақты көп же, сонда ішің шығады, сосын сен құсасың, сосын туасың,- дейді.
Менен үлкен әпкем бар, әлі үйленбеген, неше түрлі киімдері, аяқ киімдері бар, соны көрген қызым:
-Айшаға да берсеңші, оның киімдері аз, Айшаға сыйлашы- дегенде, жүрегім жібіп кетті. Қыз бала деген анасын қатты ойлап тұрады екен. Аналық бақыт деген сол шығар.
Ал алдын күні кішкентай 3 жастағы Аяулымыма:
-3 күннен соң туған күнің десем, ашуланып:
-Жоқ бүгін менің туған күнім, ой бәле-ай- дегенде ішек-сілем қатып күлдім. Оны саған кім айтты десем:
-Мұқағали айтты,- дейді.
-Ол кім?-дедім
-Ол жұмыстағы досым-дейді. Досың тағы не деді деп сұрадым.
-Бантик жасап берер едім өзім ақ, деді досым-деп мамасын бір шаттандырып қойды. Екеуінің қылықтары сондай тәтті. Алла тәтті қылықтарынан айырмасын, тамсандырып жүре берсін.