Балалы үй базар ал баласыз үй қу мазар деп қазақ тегін айтпаса керек. Қазақтың бала ұғымы туралы нақыл өнегелері өте көп. Баланың шыр етіп өмірге келгенінен, оның тәй тәй қадам басуы, былдырлап сөйлеуі бәрі бәрі қазақ халқы үшін ұлан асыр той іспеттес. "Адамның бір қызығы бала деген" деп Абай атамызда ата анаға баланың қызығынан асқан қошемет жоқ.
Баланың тілі неге балдай тәтті. Тіпті баланың тілі ғана емес оның бейкүнә, таза бейнесі мен жүрегіде бал емес пе?
Былдарлап ананы мынаны құрастырып, алғаш "апа", "әке" дегенін қызық көріп, қайта қайта айтқызуы отбасы үшін үлкен қуаныш саналады. Аңғал таза жүрегімен айтқан әр сөзінің өзі үлкендер үшін балдай тәтті көрінеді. Баланың тәтті сөзі шаршаған көңілді лезде басып, бір жеңілдетіп алатыны да рас. Жұмыстан шаршап, үйге көңіл күйін болмай келген кезде алдыннан тәтті балақай "апатай" деп жүгіріп шыққанда жұмыстан емес, құдды бір тойдан келгендей қуанып қаласын.
Міне, дәл осы себептен де баланың тілі бал болатын шығар. Қазақта өзі тіл тас жармаса бас жарады дейді, ал баланың тілі ажырасқанды татуластырып, мұңайған жанды жадырататын ерекше бір құдіретті тіл деп түсіндім.
Нұроллаева Ақтілек
Халел Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университеті , журналистика кафедрасы , 303- топ