Табиғат жаратылысынан болар кішкене бүлдіршіндердің тілі тәтті, тіпті сөйлегенде ересек адамның деңгейіне дейін жетіп жатады. Бала өмірге келгеннен кейін оған тәрбие алған ортасы айтарлықтай әсер беріп, миының даму қабілеті мен сөйлеу дағдысы соған сай дамып жетіледі. "Ұяда не көрсең, ұшқанда соны ілесің" деген халық нақылы текке айтылған емес. Кез келген ата-ана кішкентай бүлдіршінің әрекеттенген жаңа қылығына сүйсіне қарайды. Сәбидің отырғаны, еңбектегені, езу тартқаны, тәй-тәй басқан шағы, бәрі-бәрі - тарихта қылатын сәт. Ал тілі шығып алғаш "мама, папа, ата, әже" деп жанындағыларға жылу сыйлаған сәттер одан да ыстық көрінеді. Байқаусызда бір айтқан сөзді қайта-қайта қайталатып, үйретіп жіберуге тырысып жатамыз. Шын мәнісінде бұл - үлкен жетістік.
Енді өзім куәсі болған сәттермен бөлісейін. Мен өте балажан адамның қатарынанмын. Әсіресе, туғандарыма. Апатайлап алдымнан жүгіріп шыққанда жүзіп жібіп сала береді. Періште көңіл балапандар небір тәтті сөздерін айтып, қуантып жібереді. Сондай күндердің бірі болатын. Жарты жылдай көрмеген жиенім келіп, менде жабыса кеттім. Құшақтап сүйіп көтеріп алдым. Соңғы рет көргенде "папа, мамаға" тілі енді келіп жүрген балақай "И құрығыр, құлатасың ғой түсірші", - деп қойып келіп қалатыны үш ұйықтасам да түсіме кірмепті. Сасқанымнан қолымнан түсіріп жібердім. "Мәссаған, бұл сөйлей алатын ба еді!?", деп аң-таңмын. Сөйтсем, арада жарты жылдан астам уақыт өткен екен. Шынында да әлгі жиенім әке-шешесінің, бауырларының әр айтқан сөзін құлақ түріп жаттап алып, ертесіне қақсап айтып жүреді мыс. Әлі күнге дейін түрлі таңдай қақтырудың шебері.
Тағы бір мен күтпеген сәт жақында ғана орын алды. Бір күндік демалысымды бауырларыма арнадым. Алып-ұшып ауылға жетіп, бес бауырыма бар тәттіні апардым. Йогурт жеп жанымнан шықпай жүрген бауырым кенет кілемге төгіп алды. Сондағы анасына берген жауабына қатты риза болдым. "Анашым, ренжімеші байқаусызда",- деп дереу сүртіп алды. Осы үш ғана сөз автоматты түрде миына сигнал жіберді. Бұл жерде басқа бала болса мойындамас еді. Себебі, бәрінің қолында сол йогурт бар. Ал менің інім, "ренжімеші" деген жылы сөзбен жауап қатты, "мама" деген жоқ, "анашым" деп анық айтты. Ал "байқаусызда" деген сөзді кішкентай баланың сөз барысында қолданылуы мен үшін таңқаларлық сәт болды. Мен айтқан сөзін қызықтап қайталай бердім. Дастархан басында ағама айтсам, олар шыныменде тек қазақша сөздер қолданып тәрбиелеуде. Бүтін бір отбасы - тіл жанашырлары. "Алма алма ағашынан алыс түспесі анық" , - деп, абыройлы ағам мен жайдарлы жеңгемнің көшірмесі өсіп келе жатқанына шын қуандым.