Бала сезім

                   А-үш

Сезім бар менде де мен ғашық болғанмын,

Қателік мендегі жоғары талғамым.

Өзіндей аруды балалық шағымда,

Үшінші сыныпта ұнатып қалғанмын.

 

Оқыдым үш жылдың үшеуін күшпенен,

Жұлдыз ем мектепте аспаннан түспеген.

Сабақтың барлығы бес еді,Бірақта,

Махаббат пәнінен бітірдім үшпенен.

 

Сырымды ашуға талай мен оқталдым,

Қара өлең хат жазып осымен тоқталдым.

Ақымақ болғаным рас ау алдыңда,

Мектепте жүргенде үшрет сөз салдым.

 

Бұлыңғыр өткенім бір маза бермейді,

Баяғы ғашық жан сені енді көрмейді.

Үш күндік жалғанда үшрет жолықтым,

Шынайы өмірде кездескім келмейді!..



Бөлісу: