Бала сағынышы

Бала сағынышы
жеке
блог

                  Бала сағынышы

«Ақылшы боп қасында отыратын,

Анасы жоқ бала көп тосылатын.

Бала жанын сағыныш мүжіп жеген

Қиындыққа ол да кеп қосылатын,

Анам деп бала мұңайды...

 

Мейірімді,күлім жүзбен қарайтын,

«Ботақан» деп мені нұрға балайтын,

Бұзық болсам тезге салып терісті

Ашуы да лезімде тарайтын

Сағындым ана өзіңді...

 

Бар мейірімін шашатын,

Байлықтан алыс қашатын,

Жүрегін алып қолына

«Балам» деп от басатын,

Сағындым ана өзіңді....

 

Тірісің жүрсің жанымда,

Қиналғаның жадымда.

Бұрынғы бет-бейнеңмен

Балаңның назын  қабылда

Сағындым ана өзіңді...»

 

Сағынған  бала анасын,

Осылай аңсап  налатын.

Тағдырдың жүгі кейде ауыр

Үзіліп белің талатын.

Аман болсын аналар

Жыламасын балалар!