Бала күнімнің куәсі

"Бақыт деген сенің бала күндерің" деген өлең жолдары бар емес пе? Расында, ең бақытты шақтарымыз сол сәби күндеріміз екен. Ол күндер келмеске кетсе де, әлі күнге дейін балдай тәтті шағымыздың естеліктері бар... Көбімізде бар деп ойлаймын. 

Менің кішкентай кезімнің жаныма ыстық екі куәсі бар:

Бірі - тайтл суреттегі көйлегім. Ол сурет бірінші сыныпқа бармас бұрын түсірілген еді)))  Ал екіншісі резеңке ойыншық.

 

Көйлегімді бір алыс туыстар сыйлағанын білем, бірақ нақты кімдер екенін білмейді екем.

"Китайский" көйлектер сәнге кіріп, әркімге бұйыра бермейтын "қазына" еді дейді мамам)))))

Алдында мынандай әдемі қыздың суреті бар (сурет деп сурет емес-ау))

20 жылдан асса да, затбелгісі әлі сақталған))) Қытай ол кездері сапалы дүние көбірек шығарады екен)))

 

Резеңке ойыншықты әкем Алматыдан кезекті іс-сапарынан келгенде алып келген. Бұл ойыншық ең сүйікті ойыншығым еді)) Көйлектен де ескі. 22 жылдың ар жағында жап-жаңа еді))))

Екі тісі ғана бар "Томпақ"тың талай рет көшіп-қонып жүргенімізде қалай жоғалып қалмағанына әлі таң қалам))

Ковбойдың шляпасын әбден тістеп бітірдік)) Алдымен өзім, кейін сіңлім, кейін інім, сосын ағамның қыздары))) 

Шериф деген жазуы бар)) Тапаншасы да жанында. Мені қорғай алады деп сенетін едім))))))

 

Осымен, өткенде саяхат аяқталды. Таяқша кімге керек? 



Бөлісу: