Бала күнімде нағашыларымнының ауылына өте көп баратынмын. Нағашыларымның үйі темір жол вокзалына жақын еді. Сол себеп болды ма, кішкентайымнан пойызға құмар болдым. Ауылда жүргенде алыстан пойыздың дауысын естей қалсам тамның төбесіне қарай сатымен өрмелейтінмін. Тамның үстіне шығып алып сол пойыздың вагондарын ерінбей санайтынмын. Көрген пойыздарды екіге бөлетінмін. Жаман пойыз және әдемі пойыз деп. Күніне он шақты пойыздың вагондарын санап көзбен шығарып салатынмын. Кейде үйден қашып шығып вокзалға барып жүрмей қалған пйыздардың ішіне кіріп алып арман қуалап ойнап қайтамын.
Бала кезімде туған туыстарыма көп қыдыратынмын және барлығына пойызбен жүретінбіз. Әкемнің туып өскен жері, өзімнің ауылыма баратын кезде бір жылап алатынмын. Өйткені ол жақа пойыз бармайтын. Ал мен машинамен емес пойызбен барамын деп жылайтынмын.
Мектепте бесінші сынып оқып жүргенде бір сабақтан шығарма жаздық. Тақырып: «МЕНІҢ АРМАНЫМ» еді. Сыныптастарымның көбісі ҒАРЫШКЕР, ӘНШІ, ДӘРІГЕР, ПРЕЗИДЕНТ, ӘКІМ болуды армандаған. Ал менің шығармам «АРМАНЫМ ПРОВОДНИК БОЛУ» деген тақырыпта еді. Шығармамды оқыған мұғалімім, ата-анам әбден күлген. Бірақ сол кезде анам жөнді нәрсе армандасаң қайтеді деп ұрысқан болатын.
Сөйтіп жүріп тоғызыншы сыныпты бітіріп Шымкент көлік коммуникация және жаңа технологиялар колледжіне «ТАСЫМАЛДЫ ҰЙЫМДАСТЫРУ ЖӘНЕ ТЕМІР ЖОЛ КӨЛІГІНДЕГІ ҚОЗҒАЛЫСТЫ БАСҚАРУ» мамандығын таңдап түстім. Оқу барысында жаман пойызды жүк тасымалдайтын (ГРУЗОВОЙ) ал әдемі пойызды адам тасымалдайтын (пассажирский) пойз екендігін және өзімді қызықтырып жүрген көптеген сұрақтарыма жауап алдым. Қызыққан мамандығым болғандықтан ба, сабақтан қалмайтынмын.
Әлі күнге дейін қайда барсамда пойызбен жүргім келеді және пойызбен баруға тырысамын. Достарыма үйленгенде гулянкамда лимузинмен емес пойызбен жүремін деп әзілдеймін. Әр әзілде бір шындық! Пойызбен шығып қалуым да ғажап емес. Егер пойызбен шығып қалсам барлығыңызды хабардар етемін
Алға қойған мақсатым Бала күнгі арманымды орындап, темір жол саласының маманы болу. АЛЛАҺ ТАҒАЛА сол күнге жеткізсін!!!