Бала еңбегін қанауға жол жоқ

Бала еңбегін қанауға жол жоқ!

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев өскелең ұрпақтың үйлесімді дамуы мен бақытты балалық шағын жалпыұлттық міндет деп танып, 2022 жылды «Балалар жылы» деп жариялады.Осы орайда баланың құқықтарын қорғауға арналған көптеген іс-шаралар жүзеге асырылып жатыр.
1-12 маусым аралығында еліміз бойынша «Бала еңбегін пайдалануға қарсы күрестің 12 күні» атты Ұлттық ақпараттық науқаны жүргізіліп жатыр. Осы жоба аясында Алматы облысы, Қарасай ауданы, Көлащы ауылындағы «Ж.Бәрібаев атындағы орта мектеп» коммуналдық мемлекеттік мекемесінде мектеп әкімшілігінің ұйымдастыруымен дөңгелек үстел өтті.
«Бала еңбегін қанауды бірге тоқтатайық!» атты жиында балалар қауіпсіздігінің алдын алу, бала тәрбиесіне қоғамның назарын аудару мәселелері айтылды. Әрине, бала құқығын қорғау кез-келген қоғам үшін ең маңызды мәселе екені белгілі. Аталған жиында бала құқықтары жөніндегі арнайы мамандар, құзырлы орган қызметкерлерімен қатар мектеп психологы Б.Жаркеева, әлеуметтік педагог Ф.Бейсебаева өз ойларын ортаға салды. Жеткіншектерді қорғауға арналған республикалық акциясын өткізу елімізде дәстүрге айналды. Себебі, жазғы демалыста жұмыс істеуге ниетті жасөспірімдер саны артқан.
Сондықтан,балалар құқығы мен қауіпсіздік шаралары қатаң сақталуы тиіс.

Алматы облысы
Қарасай ауданы
Ж.Бәрібаев атындағы орта мектеп
директорының тәрбие ісі
жөніндегі орынбасары З.Сағатқызы.

 



Бөлісу: