Кез келген тауардың нанның,киімнің,дүниенің,жиһаздың бағасы әртүрлі болатыны белгілі.Ал,бала бақытның бағасы қанша?Иә,барлығымыз білеміз. Бақыттың құны жоқ.Шексіз.Дүниеге келген әр сәби баянды ғұмыр кешуге лайықты емес пе?Алайда,тағдыр басқа салған сынақ салдарынан бақыт құшағында өткізуге тиісті өмірдің ең тәтті,ғажайып сәттерін олар айықпас дертке құрбан етіп отыр.Иә,мен дүниеге шыр етіп келгеннен сырқат болып жаратылған кішкентай періштелер жайлы сөз қозғамақпын...
Барлығы былай басталды.Мен әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетіндегі талай мұқтаж жандарға қол ұшын созып,бар мейірім мен шуағын төгуге асыққан жандардан құралған «Көмек» қоғамдық қорының мүшесімін.Біз арнайы келісімшартқа қол қойылған даму деңгейі артта қалған балалар білім алатын арнайы мектеп-интернатта болып қайттық.Ол жерге алғаш аяқ басуым болатын.5-6 адамдай болдық.Мектеп қақпасынан кірген бетте бойымда біртүлі қорқыныш сезімі ұялады.Неге екенін өзім де білмедім.«Даму деңгейі төмен балаларға арналған мектеп-интернат» деген жазуға көзім түсіп кетті де ары қарай аяғымды қатарымның соңынан ере бас бердім.Мектеп директоры бізді жылы жүзбен қарсы алып,ішке кіргізді де әрқайсысымызды екі-екіден бөліп кабинеттерге кіргізді.Қасымда группаласым Сағыныш есімді жігіт болатын.Бөлме есігін ашқан екеуміз аң-таңбыз.Бір-бірімзіге қайта-қайта қарап қоямыз.Кабинетте небәрі үш бүлдіршін бар екен.2-3 сынып шамасындағы балалар болса керек.«Апа,апа!» деп алдымнан жүгіре шыққанда жүрегім дүрсілдеп қоя берді.Жәймен ғана кішкене үстелдің біріне отыра кеттім.Көзімнен ыршып шыққан жасқа ерік бере алмаған күйі бетімді екі қолыммен басып,тәрбиешіден ұялғаннан өз-өзімді сабырға шақырдым.Ішімнен:«Шіркін!Қолымнан келсе ғой...» деген оймен ұзақ уақыт үнсіз тек балақайлардың қимылдарын көзбен бағып отырдым.2-3 сағаттай сол жерде уақыт өткізіп,біраз нәрсеге көзбен куә болып қайттық...
Балаларды деңгейіне қарай бөлсе...
Мен жұмыс жасаған кабинеттегі балалардың денсаулық жағдайларының деңгейі әртүрлі екеніне көзім жетті.Үш бүлдіршіннің екеуі ойын дұрыс жеткізе алмай қиналғандығын және тілінде кемістігі бар екенін аңғарсам,үшінші балақайда мүлде ондай қиындықтар болмады.Яғни ол айтқан әрбір сөзді тез,тиянақты қабылдайды.Көкейіндегі ойын анық жеткізеді,тілінде еш кемістігі жоқ.Сондықан қасындағы достарына қарағанда оның деңгейі жоғары.Осы жерде «оларға бір-бірімен тіл табысу қиынға соқпайды ма, немесе ақыл-есі дұрыс балаға қатарларының жағдайы әсер етпейді ме,қорқып қалмайды ма деген сұрақ туындайды».Әлбетте,бұл 100% дені сау адамды жындыханаға апарып қойғанмен бірдей деп есептеймін.Сондықтан балаларды тек жас ерекшеліктеріне қарап емес,деңгейлеріне де қарап топтастырған жөн.Бұл мен аяқ басқан мектеп-интернаттың бір кемшілігі деп білдім.
Бір күндік энергияның қалай таусылып қалғанын аңғармай қалдық...
Біз жұмыс жасаған кабинеттегі тәрбиеші жарқын жүзді,ақкөңіл кісі екен. Балалармен жұмыс жасауға кіріскен соң,ол кісі қағаздарын реттеп,жұмыстарын тындыра бастады. Бір сөзінде:«Балалардан біз емес,тіпті ата-аналарының өзі қашады» деген сөзі көңіліме біртүрлі...қатты тиді.Мектепте өткізген 2-3 сағат арасында олардың тәрбиеленушілеріне қатты зекіп,дауыс көтеріп жібергендерін де көрдік.Әрине,ол өзі психологиялық тұрғыдан қиналып жүрген балаға қатты әсер етпей қоймайды.Өздерін онсыз да қоғамда артық сезінетіндерге керісінше бар мейірім мен ықыласты төгу керек.Алайда,қоғамнан шеттетіліп қалған балалармен күндерінің жартысынан көбін бірге өткізетін қызметкерлердің жұмыстары қаншалықты қиын екеніне көзіміз жетті.Сондықтан маманды жұмысқа алар алдында арнайы тестілеуден өткізіп,жалақыларын барынша жоғарылатқан жөн.
Денсаулықтарын жақсарту мақсатында көбірек көмек берген жөн...
Байқағаным,балалар уақыттарын өздерімен өздері өткізіп үйреніп қалған сияқты.Тек ойыншықтармен,сурет салу және тағысын тағы.Алайда,ол баланың есте сақтау қабілетінің жақсаруына,дамуына айтарлықтай өзгеріс әкелмейді.Яғни олармен жұмыс жасаудың жаңа үлгілерін енгізу керек.Бұл жолда шетелдік тәжірбиеге сүйеген абзал.Арнайы мамандар шақыртып,семинар-тренингтер өткізсе нұр үстіне нұр болары анық.
Дені сау ұрпақ дүниеге келсін десек...
«Неге бұлай?» деген сұраққа бірде адамды кінәлаймыз,бірде қоғамды кінәлаймыз,бірде экология дейміз...Йә,мұның барлығы да рас.Алайда тоқталып айтарым кез келген қыз бала өзінің болашық ана екенін,еліне,жеріне қызмет ететін перзент дүниеге әкелу басты міндеттері екенін ұмытпаса екен.Көшеде шылым шегіп,қалай болса солай киініп,ұят пен намыстан жұрдай екендігін көрсететін қылықтар жасап ұлт болашағына балта шауып жатқан намыссыз қыздардың шалыс басқан қадамдарының кесірінен де бейкүнә сәбилер тағдыр тауқыметін тартуда.Бұрымындағы шолпысының сыңғырын естіртпей,арын барлығынан жоғары қойған «қазақ қызы» деген атқа лайық болғанымыз абзал.Дені сау ұрпақ-ұлт болашығы екенін естен шығармайық!