Бал бәліш

Бал бәліш
жеке
блог

Кез-келген әйел адам үшін асхананың ханшаймы болу басты міндет болып саналады.Отбасыңыздың,жақындарыңыздың көңілін дәмді тағамдар,тәттілер әзірлеу арқылы да табуға болады.Сол үшін сізге астан кейін бұйралап отырып шәй ішіуге арналған бал қосылған бәліштің дайындалу жолын ұсынамыз.Ол үшін сізге төмендегі азық-түліктер қажет болады:

2 жұмыртқа;

200 гр қант;

80 гр майлылығы аз сары май;

1 шай қасық бал;

0,5 шай қасық ас содасы;

500 гр ұн;

Дайындалу жолы:

Жұмыртқа,қант,сары май,бал және ас содасын араластырып,10-15 мин көлемінде отқа қойып,ерітесіз.Қоспа қатты күйіп кетпес үшін жиі бақылап тұрғаныңыз жөн.Біркелкі болып еріген соң оттан алып,суытуыңыз керек.Одан кейін аз-аздан ұнды сепсеңіз жұмсақ қамыр пайда болады.Дайын болған қамырды мұздатқышқа 30 минутқа салып алғаныңыз абзал.Балды бәліш бірнеше қабаттан тұратын болғандықтан,6-7 бөлікке бөліп пісіресіз.Айта кетейік арнайы пешіңіздің температурасын 180-200 градустан асырмаңыз.Әр бөліктің арасына жағылатын жақпаны қалауыңызша жасасаңыз болады.Қоюлатылғын сүт (сгущенка) пен сары майдың қосындысынан да дәмі керемет жақпа шығады.Әр мезгілге байланысты бәліштің бетін әрқалай әрлеуге болады.Жеміс-жидектің мол кезінде құлпынайды қолдануға кеңес береміз,ал қыс мезгілінде грек жаңғағы сәнмен қоса ереше дәм беріп тұрады.

  Өміріңіздің әр сәті бал бәліштей тәтті болсын,оқырман!