Бал балалық...

Қазақстандық тұлғалардың "Өнегеге" берген сұхбаттары түрлі естеліктер мен ой-толғауларға толы. Ең қызықты естеліктерін сіздердің назарларыңызға ұсынудан шаршамаймыз. :)

"Меломен" тобының мүшесі Ролан Қазыретов өзінің балалық шағынан мынадай естеліктермен бөліседі: "Үйдің еркесі болғандықтан ба, анама өте жақын болып өстім. Анам бір жаққа кетіп қалса, оның көйлектерінің бірін иіскеп, құшақтап жатып ұйықтайтынмын. Бір күні анам әдеттегідей жұмысына кетті. Кеш батысымен оның келетін уақытын тағатсыздана күтіп жүрмін. Кенет біздің үйдің алдына бір көлік келіп тоқтады. Машинаның ішінде жасы менің анам қатарлас әйел отыр екен. Үстіндегі киімі, шаш үлгісі, тіпті жанынан қарағандағы бейнесі де анама қатты ұқсайды. Мен жүгіріп шығып, әлгі көліктің терезесін ұрып: "Мама, мама, есікті ашшы", - деп айқайлап тұрмын. Ал ол кісі басын да бұрып қарамады. Сыртымнан қызықтап тұрған ағаларым бұл қылығыма күліп жатыр. Мен болсам, көліктің жанынан кетпей, жылап тұрып алдым. Машинада отырған кісі маған бұрылып қарағанда оның орыс келіншек екенін көрдім. Сонда өзімнің қатты ұялғаным-ай!"

Сіздер де өз балалық шақтарыңыздан естелік айта отырыңыздар...



Бөлісу: