Бал балалық

Бал балалық
жеке
блог

Қазақтан сөз қалған ба!? "Бала тілі - бал" дейді. Сол балалардың арасында былдырлаған үндерін естіп, тәтті қылықтарына тәнті болып жүру бақыты бұйырыпты маған...бал балалық

Айтып кеткенімдей, менің болашақ мамандығым – тәрбиеші. Мамандығыма байланысты іс-тәжірибеден өтіп жүргеніме 2 жыл болды. Аптасына 2 күн бала бақшаға барып, балалармен жұмыс жасап, олардың балдай тәтті қылықтарына тәнті болып қайтамын. Сол қызықтармен сіздермен бөліссем деп едім.

8 наурыз қарсаңында балабақшада ертеңгілік өтіп, ұл балалар қыздарға сыйлық берді. Бала ғой, қыздарға берілген сыйлықтарға қызығып кеткен Данияр менің жаныма келіп, ақырын ғана:

 Апай, ұлдардың 8-наурызы қашан болады!?- дейді.

Балалар ойнап жүріп бір-бірлеріне ренжіп қалса, «Сен компотсың!», «Сен телевизорсың!» дейді екен. Бұл олардың өздерінше үлкендерге ұқсап жамандағаны, балағаттағаны.

Серуенге шығайық деп, балалардың сыртқы киімдерін киуге көмектесіп жатқанбыз. Мади деген баланы киіндіріп жатып: «Шапканды алап кел»,-деп айтайын деп, бетіне карап едім, бетіме түшкіріп жіберді!

Міне, осындай қызықтарға көөөөп кездесеміз. Балалбақшаға қанша көңілсіз болып келсең де, балалардың жадыраған жүздерін көріп, бәрін ұмытып кетесің! Осындай пәк періштелердің арасында жүру қандай бақыт десеңші!