Әр адамның алға қойған мақсаты, арманы болады. Мақсатқа жету оңай емес. Оған білімді, парасатты, еңбекқор, шыншыл болу қажет. Мақсатқа жету үшін сенімді серігіміз – адалдық, жігерлі-қайрат, қайсарлық қажет . Өз Отанымызға деген сүйіспеншілік болу керек.
Біздің мақсат-мұратымыз жұлдыздай биік болса, біздің күш-қуатымыз – соғұрлым қиынырақ , күрделі болмақ. Біз мақсатымызға жетер жолда қаншама қиындықтарға кездесеміз. Мүмкін, көре алмаушылық болып, жолымыз қиылар. Бізді әрдайым қамшылап отыратын қамшыгеріміз болу қажет. Ол – намыс..
Біз әрбір нәрсені көңілімізге алмай, керісінше намысқа тырысып, өз мақсатымызға жетуіміз керек. Намыс – ол жұмбақ нәрсе, әрдайым біздің ішкі жан-дүниемізді , жігерімізді қайрап, мақсатымызға жетуге әсер етпек.
«Мақсатсыз жанталасып жүрген адамнан өз мақсатын көзден таса етпеген сылбыр адам әлдеқайда артық»,- деп Форстер айтпақшы , алға қойған мақсат болмаса , өмірде өз орныңды тауып, білімді адам болу - ол оңай шаруа емес. Алға қойған мақсаттың жақсысы мен жаманы болмайды. Өмірде өзіміздің табандылығымыздың, еңбекқорлығымыздың арқасында мақсатқа жетіп, жарқыраған жұлдызымызға қарай самғасақ , оның өзі үлкен еңбек.
Мұхтар Шаханов атамыз айтпақшы : «Үлкен болып қалу үшін ғаламда, үлкен арман керек екен адамға». Арманына адаспаған жетеді, адасқан арманына жете алмай кетеді. Мақсатсыз адам арманына жете алмайды. Арманына ақылды жетеді, мақсатсыз бұл өмірден түңіліп өтеді.
Сымбат Айдархан