Бақыттың бақытсыз бір бомбасындай

Бақыттың бақытсыз бір бомбасындай...

 

Не деген жаман еді көріп тұрып,

Көрмей өту өзіңе өліп тұрып.

Уа,Құдай!   

Неге бұлай қинап қойдың,

Жердегі періге пәк еліктіріп.

Сезімімді қайтадан желіктіріп.

 

Махаббат сұқтанбашы өтінемін,

Сезімнің шыдас берген өтіне кім?!

Сұлулық айналайын не істедің...

Езіліп бара жатыр көкірегім.

 

Көкірек, шыдай алар шамаң бар ма?

Сұлу боп туа салар адамдар да...

Құдайым!

Тоқтат мына өрт сезімді,

Әйтпесе, бәрін қойып барам БАР-ға...

 

Әдемі!

Өте алмаспын мәңгі сынбай,

Ол бар ғой сүтке түскен хан қызындай!

Жарылып кетер ме екем, құрып кеткір,

Бақыттың бақытсыз бір бомбысындай!

 

Уланды жүрек мына уға бекем,

Шыдамай тұрсың білем, тула көкем!

Сұлудың өзін жұтып қойғандай –ау ,

Қай ана сені бұлай туған екен?!

 

Қайтемін, кетті жүрек қақ айрылып,

Кетем деп кім ойлаған бұлай құрып.

Қан жұтқан махаббаттан шырын емес,

Жүрегімді ап кетші Құдай жұлып!

 

24.12.2014ж



Бөлісу: