Бақыттың 10 құпиясы

Әрбір адам шынайы бақытты болғысы келеді.Тіпті сол бақытты іздеу жолында бар өмірін сарп етеді.Шынайы бақытты болудың 10 құпиясын Адам Дж.Джексонның кітабынан оқыған болатынмын.  Бақыттың алғашқы құпиясы-араласу  күші.Бақыттың сіздің өмірге деген қарым-қатынасынан байқалады.Әр нәрседен жақсы нәрсені,жетістік күтіңіз.Әр бақытты болу жолындағы қиындықтың алдында өзіңізге "Қандай да бір қиындықтың қандай жағымды жағы бар?" деген сұрақты қойыңыз.Әрдайым айналаға алғыс айтып, айналаңдағы адамдарға жылы жүзбен қарау керек.


Келесі сыры-тән қуаттылығы. Әрбір әрекет бізге эмоция сыйлайды.Күнде 30 минут жаттығу жасап,сергек жүруді әдетке айналдырыңыз.Тамақтану үдерісін де дұрыстаған жөн. Көбіне шәй,кофе тәтті тоқаш жегенше, жеміс-жидек  пен жаңғақ жеу өте пайдалы екендігін есте сақтаған жөн.Және күнделікті жаяу таза ауада жүру керек.
Үшінші құпия-өмірдің ерекше сәттерін байқай алу.Бақыт жылдар, айлар күндер өте келмейді,бақытты әр сәттен байқай алуымыз қажет.Әрбір оқиғадан ең қызықты өткен сәттерді ала білу қажет.Әрбір күннің жаңа өмір, жаңа мүмкіндік екендігін ұмытпағайсыз.


 
Келесісі-өзің туралы ой. Адам өзі туралы не ойласа, соған айналатындығын ескеру керек.Өзіңе көңілің толмаса өмірдің қызығы кетеді. Ол өзіңе көңілің толу үшін,өзіңе позитивті сөздер айтуды әдетке айналдырыңыз.
Бесіншісі-мақсат.Өмірлік мақсат өмірдің мәні мен мағынасы болып  табылады. Мақсат бізді таңғы ұйқымыздан тұруға, ерінбеуге жетелейді.

Алтыншысы-әзілдесу.Әзілдескен сәтте бойымыздағы жағымсыз ойлардан арылып, бір мезетке болсын бақытты сезінеміз.Күлкі әр тапсырманы, қиындықты оңай шешуге көмектеседі. Кішігірім қиындық туралы ойланып, қиналмау керек.

Жетінші-кешірім.Қателіктерді кешіре білу-Шынайы Бақыттың кілті болып табылады.Бойда өкпе мен реніш барда ешқашан бақытты болмайтындығыңызды ескеріңіз.Өзіңізді кешіре біліңіз.
Сегізінші-қайтарым күші.Айналаға көмектесіп,қайырымдылық жасау керек. Әр нәрсе бекер берілмейтіндігін,және  әр жақсылықтың қайтарымы барын ұмытпаңыз.


Тоғызыншысы,қарым-қатынас.Ешкім құрлықта өмір сүрмейді.Сондықтан айналамен қарым-қатынасты дұрыстау керек.Әр адаммен соңғы рет көрісетіндей араласу керек.

Және соңғысы-сенім.Сенім-бақыттың іргетасы.Сенім адамдарға сенуді, бойдағы күдік пен жаман ойдан,қорқыныш пен үрейден арылтады.

Бақытты алыстан емес жақыннан іздеу керек. Шынайы бақыттың құпиясы ,міне, осындай. Бәріне шынайы бақыт тілеймін.



Бөлісу: