Бақытты сәт

Адам өмірінде өшпес із қалдырған, жүрегінің түкпірінде ерекше орын алатын басқа бір адамның болуы заңды дүние шығар. Бірақ кейде ұмыттым, енді ол мен үшін жоқ деген жандардың, ұмытылмауы өте қиын .. әрі ауыр. Ол адам менің өткенім дейміз, әттең қателесеміз. Сол адамның сенің өміріңде қайта пайда болуы бәрін өзгертеді.
Ол жан- сенің ең қымбат, әрі жаныңа жақын адам. Жүрек түкпірінен ол қайта келеді-ау? деген арам ой әрқашан кетпейді. Болған жайттар, қаншама жанды ауыртса да, сен ол адамды әрқашан күтесің, кешіресің, басқадан қызғанасың. Оның өмірі жайлы таныстарыңнан сұрастырып, немесе әлеуметтік желілерден үнемі бақылап, көз қырыңды сала жүресің. Оны әлдеқашан ұмыттым деген алдамшы ой жетегінде жүресің. Бірақ оңашада оны сағынғаныңды, әлі де бір сезімнің бар екенін мойындайсың. Көшеде көре қалсаң өзіңді, тәніңді бір қобалжу билейді, аздап дірілдейсің де. Дәл сол сәтте саған ол адаммен бірге өткен қызықты сәттер, мүмкін реніштер де... бәрі құдды бір кино картина тәрізді көз алдыңда кадрлар жинағы шолып өтеді. Оны көріп, оның әлі күнге дейін дәл сен ұнатқандай көркем, сабырлы, сымбатты бейнесін жадыңа қайта сақтайсың. Ол адам сені есіне де алмайтын шығар. Бірақ сен... сен оны ұмытпайсың әр секунд, әр минут ол сенің жадыңда... жүрегіңде.. Тілдесе қалсаң сен оның көзіне бұрынғыдай тік қарай алмай, аузыңның ұшымен: << менде бәрі тамаша >> деп. Оны да, өзіңді де алдаған боласың. Ол өз жөнімен кете барады, ал сен? жүрек дүрсілі мен ми қозғалысын реттей алмай, сан-түрлі ойда, сезімде қала бересің. Күні бойы сол сәт, сол кездесу сенің есіңнен шығар емес. Үй шаруасымен ананы бір- мынаны бір істеген боласың, бірақ ойың, қиялың басқа жақта саяхаттап жүреді. Әйтеуір сол күн өтер. Кеш батып күн ұясына жатар. Сенің да көзің ілінді.... бәрі тыныш, тәтті ұйқыда. 
Ертесімен, таңның атысымен ақ, жаңа күн, жаңа өмір бастау алды. Сенің де өмірің сол қалпында жалғаса береді. Бәрі алма кезек өзгермелі.. Адамдар да. Сырттан бәрі жақсы болып көрінгенмен, сен сол кезді, сол көктемді, сол адамдарды аңсайсың ...сағынасың... Кейде бақытты сәттер мыңдаған жылдардан кейін біткенін қалайсың. Бірақ ол өкінішке орай басталмай жатып аяқталып қалады. Өмір осындай бақытты сәттермен қазық. Естеліктерді ұмытпау керек. Сені бақытты қыла білген жан жайлы ешқашан жаман айтпа. Қаншама жамандық жасаса да, ол кезінде сені бақытқа бөлеген жан екенін ұмытпаған жөн....
Балжан Мусакул )



Бөлісу: